Қанатты (нақыл) сөздер: Василий Сухомлинский
Баланың жақсысы — әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы — қайғысы, азап соры.
Адамгершілігі жағынан мәдениетті адамдар, саналы еңбеккерлер кітапқа деген терең сүйіспеншілікке бөленген отбасылардан өсіп шығады.
Білімнің қайнар бұлағы, сенің рухани қазынаңның қайнар бұлағы — кітап. Өз кітапханаңды құра біл. Кітапты бір оқып қанағат тұтпа, қайтадан оқы.
Кітап оқымай, ой қызметін нәтижесіз өткізген күн — бекерге өмір сүрген күн.
Кітап — құдіретті қару. Ақылды, шабытты кітап көп ретте адам тағдырын шешеді.
Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал.
Тәрбиешінің нағыз данышпандығы – әкенің, шешенің, педагогтың – балаға бақыт беруі. Балалық шақтың бақыты – жылылық пен қорек беретін отбасының тыныштығы.
Балалық шақтағы, есею және ерте жастық кездердегі еңбекпен шұғылданған өмір адамның дене бітімінің дұрыс қалыптасуының маңызды бір шарты.
...баланы сүйе білуге үйрету - өмірдегі ең маңызды нәрсеге үйрету деген сөз.
Бір түп раушан өсіріп, алғашқы гүлдің қуанышына бөленудің, гүлді адамға беріп, сол сәттен толғанысты бастан кешудің, жаңа адамды тәрбиелеудегі маңызы, егістік жерді жыртумен, астық өсірумен, ащы тер мен алақандағы күсті және еңбек рақатын танумен бірдей.
Еңбектегі табыс - бұл табысқа жеткен адамның мақтанышы. Өз еңбегін мақтан тұтпаған нағыз адам бола алмайды.
Сабақ оқушылардың интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болу керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп оқушылар үшін рухани өмірді тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына, кітап - мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады.
Баланың рухани өміріне тереңдей қарай алмаған адам нағыз тәрбиелеуші бола алмайды.
Адамның өзін балалары арқылы жалғастыруы — бұл махаббатта ержүрек болу деген сөз.
Өзіне-өзі ғашық адамның қолынан шынайы махаббат келмейді. Өзімшілдік — махаббатты улайтын сұмдық кесір-кесел.
Махаббатты тек көңіл көтеру деп санаған адам қайғы-қасіретке жол ашып, көзден жасты селдетеді.
Қыздың қатаңдығы мен талап қойғыштығы бар жерде жігіт нағыз еркек боп шығады.
Күнәсін мойындау — өзін-өзі дүрелеу емес, қайта ол адамгершілік пәктікке, өнегелікке талпыну.
Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді бола біліңдер.
Қарт адамдардың үйренуге де, ақыл айтуға да қақысы бар.
Екіжүзділік, жағынып-жалпақтау, ыңғайымпаздық — үлкен кесел.
Маскүнемдік адамның басын өзі масқаралап, қорлауы. Араққор мал сияқты өзін-өзі айуанның қатарына апарып қосады.
Ер жүрек адамды оққа байлауға да, оққа айдауға да болады.
Бала адаммен араласпайынша өмір сүре алмайды, өзінің бар жүрек жылуын басқа адамға беруді ұжданы талап етеді.
Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес.
Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.
Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
Тек қана ата-аналармен бірге жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.
Ең қиыны - күн сайынғы, көп жылдық еңбек ерлігі. Өзіңе ерлік мұратын тауып, содан көз жазбай ілесіп отыр.
Ар-намысың, жан-жүрегің қалай әмір етсе, солай істе.
Жамандықтың зары — екіжүзділік, жағымсыздықтың ырқына жүру.
Балаға ой еңбегінің шаттығын, табыс қуанышын беріңіздер.
Адамгершілікті, кісілікті неғұрлым терең ұғынған сайын әр адам өзіне жақсы төреші бола алады
Рухани жағынан сұлу адамдар — бұлар ең алдымен бақытты адамдар.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: