Қанатты (нақыл) сөздер: Сұлтанмахмұт Торайғыров

Қанатты (нақыл) сөздер: Сұлтанмахмұт Торайғыров

Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!

Балалықтың қанына ойын азық.

Өлең айтушы әнпаз адамдарды жұртқа есерсоқ деп көрсетпей, есті деп қадірлі етіп көрсетуге тырысу керек.

Өлең-жыр - көңілді түзететін машина.

Ақыр түбінде қара бұлт ашылып, қазақ жастарының да әлеуметтік теңдікке жететініне, өз елін бақытқа бастар азамат боларына, бүкіл қазақ қауымының қапастан құтыларына сенімім бар.

Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Білеміз ынтымақсыз іс оңбайды,
Тартынып шу-шулеткен кісі оңбайды.

Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек.

Тілден – зікір, көңілден – пікір.

Адамның ең ұлы қасиеті - бақытты болуға талпынуы
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қанатты сөздер Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы нақыл сөз, канаттты создер Султанмахмут Торайгыров туралы накыл соз, афоризм казакша цитаты на казахском, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Султанмахмут Торайгыров

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]