Қанатты (нақыл) сөздер: Виссарион Белинский
Ғылыммен, өнермен және ғасырлар бойы өмiр тәжiрибесiмен толыққан ақыл күштi де жеңедi.
Ең күйiнiштi ақиқат, ең ұнамды адасудан әлдеқайда артық.
Кітаптар — тәрбиенің маңызды жақтарының бірі ретінде тәрбие жоспарына енуге тиіс.
Тәрбие - адам тағдырын шешетін ұлы іс.
Махаббат — өмірдің өлең-жыры, жарық күні.
Жастық адамға бір-ақ рет беріледі, мұның басқа жас кезеңдерінен ерекшелігі — барлық әдемілік атаулымен асқаралы мұратқа бір табан жақындығы.
...маскүнемдікке, мешкейлікке салыну — тағылардың қылығы.
...үрей атаулының бәрін білім жеңеді.
Мөлдір кіршіксіз алғашқы махаббаттың алғашқы сәті ынтызарлықтың жоқтығы емес, өзін-өзі көрсетуден сескеніп жатқан ынтызарлық. Алғашқы махаббат осыдан басталады.
Егер адам тұла бойы түгелімен жалғандыққа берілсе, ақыл-ой талантынан айрылатыны айдан анық.
Батыр бейнесі адамзат үшін өмірдегі ұлылыққа, шындыққа және адамгершілікке деген биік сенімді орнықтырады.
Өз Отанын жан тәнімен сүю – адамшылықтың асқар шыңы.
Әйелің — көңілдесің емес, бүкіл ғұмырлық досың, әрі серігің, демек, оны біз егде тартқан әйел болған шағында да, кемпір болған кезінде де сүюге ерте бастан ойланып, дағдылана білуіміз ләзім.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: