Қанатты (нақыл) сөздер: Дейл Карнеги
Басқаны сынамас бұрын, өз кемшiлiктерiңiз туралы айтыңыз.
Өзiңiз кездескен адамдардың төрттен үшi көңiлiне ортақтасқаныңызды қалайды. Оны бiлдiрiңiз, сонда сiздi түсiнетiн болады.
Әр адамды сiзбен, сiздiң проблемаларыңыздан гөрi өз қажеттерi мен проблемалары көбiрек қызықтыратынын ұмытпаңыз. Ол үшiн тiсiнiң сырқырауы миллиондар зардап шегетiн аштық пен табиғи апатқа қарағанда маңыздырақ. …Бiреумен әңгiмеге кiрiскенде осы жай қаперiңiзде болсын.
Қаймақ қосылған бүлдiргеннiң принципi: «Өзiм қаймақ қосылған бүлдiргендi ұнатамын, бiрақ балық құртты дұрыс көредi. Сондықтан мен балыққа бара жатып, өзiмнiң жақсы көретiнiмдi емес, балықтың ұнататыны туралы ойлаймын».
Адамды алдымен өзінің қажеттіліктерінің төңірегінде ғана қызығу болады, өзінің ауырған тісінің уайымы елдегі аштық пен апаттан зәрлірек.
Адамдарға ықпал етудің құпиясы сөйлей білуде емес, жақсы тыңдаушы бола білуде.
Бақыт тапқыңыз келсе, өзгелердің сізді мойындауы туралы ойламаңыз. Қуанышты өз ішіңізден табуға тырысыңыз. Өз-өзіңізбен бақытты болыңыз.
Кез келген адамды ұрып жығу оңай. Бірақ рухы мықты адамды есеңгірету мүмкін емес.
Өмірде махаббатқа бөленудің бір ғана жолы бар - оны ешкімнен талап етпей, махаббатты айналаға өзің төгу.
Досыңыздың кім екенін айтсаңыз, сіздің кім екеніңізді айтып беремін.
Жұмысы жоқ адам азғындыққа бір табан жақын болады.
Өз кемшіліктерімізді көре білейік. Жетістікке жетудің басты жолы осы.
Егер әр ұлт өзін өзгелерден артық санаса, соғыстың басты алғышарты сол.
Бүгін істейтін жұмысты ертеңге қалдырма.
Әр адам күніне тым болмағанда, бес минут ақымақ болады. Ақылды адам атанудың жолы — сол лимитті азайту.
Өзіңіздің пікіріңіздің қате екендігін білсеңіз, бірден мойындаңыз.
Жемісі бар ағашқа ғана тас атады.
Адам өз-өзін жөндеуге кіріскен кезде, адам деген атқа лайық болады.
Жас балалардың үлкендердің әңгімесін тыңдауды ұнататынын ұмытпаңыз. Сондықтан әрқашан балалардың қасында тұрып, дөрекі сөйлемеңіз.
Қорқақтық - біздің ең басты кедергіміз.
Біздің басты мақсатымыз тым алысқа көз салу емес. Өзіміз көре алған жерге дейінгі қамымызды ойлай білу.
Өткенге көп көз сала бермеңіз, болашағыңызға қайғырыңыз.
Өткенге көп көз сала бермеңіз, болашағыңызға қайғырыңыз.
Өміріңіз тым қызықсыз болып көрінсе, жаныңызға жақын жұмыс тауып алып, өміріңізді соған арнаңыз. Сонда алыс болып көрініп жүрген бақытыңызды табасыз.
Уәдені орындамау сенімсіздік тудырады.
Өзімізді бақытсыз деп сезінуіміздің себебі, басымыздағы бақытымызды тірлікпен алысып жүріп байқамауызда.
Дұрыс сөйлей білу - өмірде жетістікке жетудің ең қысқа жолы.
Ең бірінші адам бойындағы қажеттілікті туғыза білу керек. Ондай іс қолынан келетін адам бүкіл әлемді мойындата алады.
Жеке өз басым қаймақ қосылған бүлдіргенді жақсы көремін, алайда, неге екен белгісіз, балық құрттарды жақсы көреді. Сондықтан да, балыққа бара жатқанда өзімнің жақсы көретінімді емес, балықтың жақсы көретінін ойлап барамын.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: