Қазақша Қанатты (нақыл) сөз: Мұхтар Әуезов
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.
Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек.
Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік.
Адам көркі – ақыл.
Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады.
Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана – шын мәнінде қымбат табыс.
Адам ірілігі бір сипат емес, ішкі-тысқы сан сипат қасиеттерінен құралады.
Адам баласының жасан құлқы жаратылысынан емес, өскен ортасында көрген үлгі-өнегесінен.
Тумай жатып – толдым деме, толмай жатып – болдым деме.
Қызғаныш – құрт ауруы, мыс қазанда қайнайтын азап оты.
Ой да көп, уайым да көп – ойлай берсең, Ой да жоқ, уайым да жоқ – ойнай берсең.
Маңына ұрық шашпаған жақсылық жапанда жалғыз өскен бәйтерекше тұл болады да қалады.
Өнерпаз болсаң, өр бол.
Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді.
Білім – бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.
Көген көз қазағыма қаратып, мінбе құрып, сол мінбеге шығарып:“Ақырғы діліңізді айтыңызшы, Мұхтар!” – десе, тілімнің ұшында жүрген сөз төмендегіше: тас үгітіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасасып келе жатқан мұра сөзімізді арзандатып алмайық.
Жігіт қадірі өнерімен өлшенер.
Жалған намыс – қасиет емес, ар сақтаған – қасиет.
Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле.
Еңбек шыққан жерден төзім де шығады.
Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім.
Адамшылықты тез жүргізу үшін көп ой керек, ойлау үшін оқу керек.
Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза.
Жауға – жалынба, досқа – тарылма.
Амал: кіжіну бар, килігу жоқ.
Қол жетпес шыңыраудағы су болғанша, пайдасы көпке тиетін жайдақ су болған жақсы.
Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпас болар.
Тамыр болдың – айтыс жоқ, Қолдан бердің – қайтыс жоқ.
Аузымен айды алып, қолымен қосаяқ соға алмайтын жандар бар.
Көбікті толқын санама.
Әділет тілесе – атаңның болсын айыбын айт.
Бас асауға – жез ноқта.
Кісінің бір ғайыбын маған айтқан адам – менің жүз ғайыбымды кісіге айтар.
Сын – шын болсын, шын сын болсын.
Іздессең – табарсың, алыссаң – аларсың.
Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: