Зәкәрия пайғамбар (а.с) балалы болуды армандап, Алла Тағалаға: «Раббым! Өз жаныңнан маған ізгі ұрпақ бер. Расында, Сен – тілектерді Естушісің», – деп дұға жасайды. Бұл кезде Зәкәрияның (оған Алланың сәлемі болсын) жасы жүзде, ал әйелі тоқсан тоғызда болатын. Алла Тағала Құранда оларды: «Шын мәнінде олар жақсы істерге асығып, Бізге үміт және үреймен дұға жасайтын, сонымен бірге Бізге жан-тәнімен берілген жандар еді», - деп сипаттаған («Әнбия» сүресі, 89,90-аяттар). ......
Әрбір адам өзінің адал некелеп алған жарымен жыныс қатынас жасаудан алдын осы дұғаны оқыса, ол шайтанның азғыруынан құтылады: «Бисмилләһи, Аллаһумма жәннибнәш-шайтанә уә жаннибиш-шайтанә ма разақтана». Және сол қосылудан кейін пайда болған балаға шайтан зиянын тигізе алмайды. Қосылған соң, бой дәретін алу керек. Яғни, ғұсыл құйынып алу шарт.....
Ифтитах (бастау) тәкбірінен кейін құпия оқылатын «сәна» (мадақ) дұғасы: «Субханака Аллаһумма уә би-хамдика уә тәбәракас-мука уа та’ала жәддука уә ләә-иләһә ғайрук». Я, Алла! Сені тәсбих етіп (күллі жаратылыс пен нұқсан атаулыдан) пәктеймін. Саған «хамд» айтып, мадақтаймын. Сенің қасиетті есімің аса мүбәрак және сенің ұлылығың аса жоғары. Сенен басқа ешбір құдай жоқ.