Орта жүздің Арғын тайпасы ірі-ірі екі рулық бірлестіктен: Мейрам және Момын бірлестіктерінен тұрады. Арғын тайпасының таңбасы көз:
ұраны «Ақжол». Жалпы, осы кітапта шежіре-кестелердің бір-бір нұсқасы, үлгісі ғана келтіріліп отыр. Сондықтан да шежіре-кестелерді ақиқат үлгі деп қабылдамай, оларды көп үлгінің бірі ретінде салыстыру қажет. Шәкерім Құдайбердіұлының халық аңыздары мен қазақ шежіресіне негізделген дастандарынан жоңғар шапқыпшылығы кезіндегі қазақ тайпаларының көшу жолдарын біршама аңғаруға болады. Қалқаман мен Мамырдың махаббаты туралы қайғылы хикаясын Ш. Құдайбердіұлы қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі жағдайында өрбітіп, халықтың жадында қалған адамдардың есімдерін....