Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі нәрсе керек.
Әуелі - бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек. Үлкендерін қорқытып, жас балаларын еріксіз қолдарынан алып, медреселерге беріп, бірін ол жол, бірін бұл жолға салу керек, дүниеде көп есепсіз ғылымның жолдары бар, әрбір жолда үйретушілерге беріп сен бұл жолды үйрен, сен ол жолды үйрен деп жолға салып, мұндағы халыққа .....
Иман деген - алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ. Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі - не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел - испат қыларға жараса, мұны якини иман десе керек. Екіншісі - кітаптан оқу бірлән.......
Адам баласының ең жаманы - талапсыз. Талап қылушылар да неше түрлі болады. Һәм талаптың өзі де түрлі-түрлі. Һәм сол талаптардың қайсысының соңына түссе де, бірінен бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді. Уа, ләкин адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір «бәрекелдіні» керек қылмайтұғыны болмайды. Әрнешік, орынсыз ба, орынды ма, «бәрекелді» деушіні көңіл іздеп тұрады. Адам баласы өзі қай жолда, қай майданда жүрсе, сол майдандағы......
Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.
Әуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім - ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат.......
Он екі айдың ішіндегі қасиетті де құрметті төртеудің бірі – ережеп айы. Бұл ай тәубе, құрмет және ғибадат, ал рамазан жақындық пен нығмет айы болып табылады. Зуннун Мысри былай дейді: «Ражаб тұқым себу, шағбан айы егінді суғару, ал рамазан болса, жемісті жинау айы». Аллаға шүкір, қасиетті үш айдың бірі саналатын Ережепке аман-есен жеткізді. Бұл айда әрбіріміз ғибадатты күшейтіп, Жаратушымызды ұлықтап, пәктеуді бұрынғыдан да арттыруымыз қажет.
«Ережеп» сөзі араб тілінен ұлықтау, мадақтау деген мағыналарды білдіреді. Бұл айда соғыспайтын, ұрыс-керіс, жанжал болмайды, тәубә етушілерге Алланың рақметі мен мейірімі ерекше мол....