"Жаңа жыл мерекесі таяп қалды. Ал мен саған әлі не сыйларымды білмеймін. Сен көп нәрсені: ойыншықтарды, көйлек немесе мазмұны жақсы кітаптарды ұнататыныңды жақсы білемін.
Бірақ биыл мен саған тозбайтын және мәңгілікке жаныңда болатын сый жасағым келіп отыр. Әр жыл сайын мені есіңе салатын ерекше сыйлық болсын деп едім.
Не сыйласам екен... Көп ойланып, маған оңай шешілмеген жұмбақтың жауабы, болашағыңа азық болатын өмірлік шындықпен бөліскенді жөн көрдім. Бұл сый - шын жүрегіммен табысталатын сыйлықтардың бірі. Егер осы сыйлығымды ықыласпен қабыл алып, оны керегіңе жаратсаң, өмірдегі барлық жетістіктің есігі айқара ашылады. Тағдыр дайындап қойған қиындықты жеңіп, қуаныш пен жеңістің тәтті дәмін сонда шын сезінесің.
Саған ешкім ешнәрсе қарыз емес. Қалайша? Бұл қағида менің өмірімді қалай жеңілдетеді дейсің ғой? Иә, сен бұл нәрсені әзірше түсінбеуің мүмкін. Балапаным.....
Сабақ, емтихан мен ҰБТ артта қалды, біраз демалдың, ал енді жазғы демалысты пайдаланып, біраз қаражат жасап алатын уақыт келді. Арнайы сен үшін оңай және қызықты жұмыстарды топтастырдық. Өзіңе лайықтысың таңдап, алға бас! Құнды тәжірибе мен сәнді киімдер, қыдыруға біраз ақша жинақтап ал.
1. Репетитор
Егер мектепте үздік оқысаң, немесе бастауыш сыныптың бір сабағын жақсы меңгергенмін деп ойласаң, репетитор болу мүмкіндігің жоғары! Сурет салу, ән-күй және ӨҚН деген сабақтар...