Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары (3 - сынып) Ана тілі, Қазақ тілі, Математика
Мақсаты: Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта - жігерді қажет етеді. Осы қиыншылықтардың себебі – баланың ақыл - ой ерекшеліктерінің, ақыл сапаларының қалыптаспағаны. Кей оқушылардың оқу техникасы нашар, оқыған мәтіндерін жүйелі түрде айта алмайды. Шығарма жазуға қабілеттері төмен. Сөздерді буындап оқиды. Соның өзінде әріптерді тастап, қате оқиды. Осы оқушылардың.....
Жонисова Алмагуль Салимгереевна орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Соркөл орта мектебі Ойыл ауданы Ақтөбе облысы
«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады». Н.Ә.Назарбаев. Бүгінгі күнгі педагогтардың, отбасы мен жұртшылықтың күш-жігерін үйлестіріп отыру – сынып жетекшісінің міндеті. Баланың алғашқы тәрбиешісі ата-ана десек, баланың көзқарасы және нанымы, мінез-құлық дағдылары мен әдеттері отбасында қалыптасады. Ал бала тәрбиелеуде, оқытуда мектеп шешуші роль атқарады. Мемлекет балаларды тәрбиелеуде отбасыға мектеп арқылы көмектесіп, отбасылық тәрбиенің мазмұны мен ұйымдастырылуына әсер етіп отырады. Яғни мектеп мемлекеттік мекеме есебінде жасөспірімдер мен жастарды дұрыс тәрбиелеуде отбасына жәрдемдесуге, ата-аналар арасында педагогикалық насихатты белсене жүргізуге міндетті. Мектеп пен отбасы бірлесіп күш-жігер жұмсамай отырып, жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына ат салысулары тиіс. Кемелденген ел жағдайында мектептің отбасы өміріне белсене араласудың үлкен маңызы бар. Бұл ең алдымен....
2 -3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі.
Сондықтан кеңес береміз: - Үйдегі жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз. - Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз - Үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз. - Баланың «социалдық көкжиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас.....