Өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Менің елім)

Өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Менің елім)

Көкірегімнің үміті мен тілегі
Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі.
Күн астында көк төбелер түледі —
Менің елім, менің елім — гүл елі!

Айтпағым бір ағыл-тегіл сыр еді —
Шежіреңе ол өлең болып кіреді.
Мендегі өнер сен деп өмір сүреді
Менің елім, менің елім — жыр елі!

Қанат қомдап таң атқанда шығыстан
Торғайым бар қыраныңмен бір ұшқан.
Жүрегім бар жүрегіңмен ұғысқан,
Менің елім, менің елім — гүлстан!

* * *

Салқындап саясында самал-көлдің,
бұла өскен баяғыдан балаң менмін.
Сіміре саумалыңды, бұл жолы да,
Сабылып, сағымды өлке, саған келдім.

Тағы да топырағыңда жаңарды ізім,
Сен десем бал-бұл жайнап жанар жүзім.
Бір пейіл,
бір ықылас — қолда бары,
әкелген базарлығым — сол болады.
...Тікенге балтырымды талатып ем,

ал қазір дала барқыт, дала — кілем.
Кетіп ем сол даладан шыбық мініп,
Оралдым бір талаптың қанатымен.
Сырым бар тереңімде көрінбеген,
жырым бар шебер қолмен өрілмеген.
Әйтеуір біреуімін көп балаңның
өзінді елім деген, жерім деген!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмекен нәжімеденов өлең Менің елім олен жумекен нажимеденов стихи на казахском, жұмекен нәжімеденов өлеңдері, жумекен нажимеденов стихи на казахском олендери, отан туралы олен балаларга, казакстан туралы такпак, туган жер туралы олен жолдары, туган жер туралы олен такпактар, туган ел туралы олен жолдары, туган ел туралы олен такпактар, туған ел туралы олен туған жер, туған жер туралы өлең жолдары, қазақстан туралы өлеңдер авторымен, туған жер туралы өлеңдер авторымен, туған ел туралы өлеңдер авторымен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]