Ресейге сыймаған "Рошенге" Қазақстанда рұқсат бар
Қазақстанда украиналық Roshen компаниясының өнімдерінен зиянды қоспалар табылмады, деп мәлім етті жұма күні, 16 тамызда, ҚР бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.![]()
"Тексеріс аяқталды. Өнімнің 101 үлгісіне зерттеу жүргізілді, яғни Астанада – 46, Алматыда 55 өнімге, кәмпиттердің атауы осыншалық. Барлығы микробиологиялық көрсеткіштер бойынша Кедендік одақтың азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі талаптарына толық сәйкес келеді", - деді Жандарбек Бекшин жұма күні ҚазТАГ тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында.
Ол сондай-ақ аталмыш компанияның тауарларын Қазақстан аумағына енгізуге ешқандай тыйым салынбайтындығын атап өтті. Бұған дейін хабарланғандай, Ресейде украиналық Roshen компаниясы өнімдерінің құрамынан бензапирен....