Елімізде жылдан жылға жоғары оқу орнын бітіріп, қайда «тетік тауып қаланарын» білмей жүрген жастар көбейіп барады. Біреулер оған себеп жұмыс орындарының тапшылығы десе, енді бірі жастардың жалқау болып бара жатқанын тілге тиек етеді. Қалай десек те, бүкіл қоғамды жайлаған парақорлық пен тамыр-таныстық нағыз мамандардың жұмыссыз қалуына себеп болып отырғанын айтқан жөн.
Меруерт Түсіпбаева мен Жадыра Сахиеваның арасындағы дауға әлі нүкте қойылған жоқ. Себебі, алғашқысы үш рет сот отырысына келмей қалған. Сәнгердің қорғаушысы әнші кешірім сұрамаған жағдайда үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты.
KASE қор биржасының таңғы саудасында ұлттық валюта долларына 328,12 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өткен күннің екі сессиясының қорытындысында бір доллардың құны 327,86 теңге еді.