Жаңалықтар

"Тым біртүрлі": Ләйлә Сұлтанқызы ұлының соңғы қоңырауы қалай өткенін айтты (фото)

тандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарының онлайн форматтағы соңғы қоңырауы қалай өткенін баяндап берді. Ақпарат өкілі мектеппен видеобайланыс арқылы қоштасатын заманға куә боламын деп ойламаған. Ол әрбір оқушыға естен кетпес әсер сыйлайтын шараның мұндай жағдайда өткеніне қынжылды деп жазады NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында ұлының соңғы қоңыраудан кейінгі суретін жариялап, карантин кезіндегі мектеппен қоштасу шарасы жайлы айтып берді. Ол видеобайланыс арқылы өткен жиын оқушыларға мүлдем ешқандай эмоция сыйламағанын алға тартты. ....
Жаңалықтар
Толық
0 0

"Жанымдағыларға қиын": Мадина Сәдуақасова мінезінің жаман жақтарын жайып салды

Отандық эстрада жұлдызы Мадина Сәдуақасова мінезі туралы бар шындықты айтты. Әнші көңіл күйі қалыпты емес болғандықтан қасында жүрген адамдарға ауыр тиетінін жасырмады. Өнер иесі өзінің ел білмейтін қырларын тізіп шықты деп жазады NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасындағы оқырмандарына ерекше ашылып, өз мінезінің жаман жақтарын жайып салды. Шоу-бизнес жұлдызы құбылмалы көңіл күйі жолдасы екеуінің арақатынасына қалай әсер ететінін де айтты.

"Мадина Садуақасова туралы бәрін білетін сияқтысыз, бірақ сонда да өзім жайлы, өмірім жайлы қысқаша айтып берейін. Мен Алматыда дүниеге келгенмін, атымды әжем Мекке-Мәдине болсын деген, бірақ мамам қысқартып Мәдина деп жаздыртқан. Мектепте ән айтқанмен бірге дзюдо секциясына екі жарым жылдай қатыстым бапкерім Ишанбек аға, мықты болатын. .....
Жаңалықтар
Толық
0 0

"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады

Әлеуметтік желіде медицина қызметкерінің блок-пост арқылы жүк тасымалдап бара жатқан ер адамды "карантинге жатқызамын" деп қорқытқан видеосы тарап кетті. Көпшіліктің талқысына түскен оқиға Қостанай облысында болған деп жазады nur.kz порталы.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)

Биыл карантинге байланысты мешіттерде Ораза айт намазы жамағатпен оқылмайды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов мәлімдеді деп хабарлайды nur.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық
0 0

"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші

Отандық шоу-бизнес серісі Тәуекел Мүсілім үйлену тойын осы жазда өткізетін болды. Осы жылдың ең басты мерекелік шарасы аса ерекше үлгіде ұйымдастырылмақ. Белгілі актер мен оның жарының көптен күткен дүбірлі тойы жеті бөлімнен тұратыны белгілі болды деп жазады NUR.KZ.

Бұл туралы еліміздің аса танымал ивент-орталықтарының басшысы Жан Мұқанов мәлімдеді. Тәуекел Мүсілім оған өз тойын басынан аяғына дейін ұйымдастыруды сеніп тапсырған......
Жаңалықтар
Толық
0 0

"Үшінші емі еді": Телепродюсер Бейсен Құранбектің дертпен қалай күрескенін айтып берді

Бейсен Құранбек жүргізген "Айтуға оңай" мен "Қаракет" бағдарламаларының продюсері Әлия Құдайберген белгілі тележүргізушінің ауыр дерті туралы бар шындықты айтты. Ол қаламы қарымды журналист емделіп жүрген кезде әркез қасынан табылып, соңғы күнге дейін оған барынша қолдау білдіріп келген деп жазады NUR.KZ.

Әлия Құдайберген телевизия саласындағы ағасын соңғы мәрте ауруханаға апарған кезі мен онымен аяққы рет кездескен сәтін еске алды. Телепродюсер белгілі журналистің қасында екі сағат отырып қайтып, оған ертесіне келуге уәде берген......
Жаңалықтар
Толық
0 0

"Арғындар Ұлы жүзбен құда болды": Алтынай Жорабаева кімге тұрмысқа шықты.

Бүгін екінші мәрте тұрмысқа шықпақ екенін хабарлаған Алтынай Жорабаеваның сүйіктісі жайлы тың мәлімет белгілі болды. Көпбалалы әншінің таңдауы кімге түскенін оның өз келіні айтып қойды. Талғат Жорабаевтың жары жұлдызды қайын әпкесі енді өзіне одан бетер жақын бола түскенін астарлап жеткізді деп жазады NUR.KZ

Алтынай Жорабаеваның арқа сүйер азаматын жолықтырғанын оның туған келіні желіде растады. Аяулым Жанатова өзінің Instagram парақшасында екі ойлы жазба жариялап, көпшілікті таңғалдырған......
Жаңалықтар
Толық
0 0

"Көп сөйлейді екенмін": Ахметбек Нұрсила халықтан кешірім сұрады (видео)

Әлеуметтік желіде кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланы белгісіз біреулердің күшпен ұстаған видеосы тараған. Осыдан кейін ел тұрғындары бизнес-тренерге аяушылық танытып, оны уайымдай бастады. Бір күн өткен соң кәсіпкер жеке парақшасында мәлімдеме жасап, оқиғаны өзі ойлап тапқанын, осы әрекеті арқылы халықты тексергісі келгенін мәлім етті. Көпшілік ел ағасының арзан "хайпқа" барғанын дұрыс қабылдаған жоқ. Оған әлеуметтік желіде жан-жантан сөзбен "шабуылдар" жасап, жұртпен бұлай ойнауға болмайтынын ескертті. Бүгін, Ахметбек Нұрсила, осы әрекеті үшін халықтан кешірім сұрауға мәжбүр болды деп хабарлайды nur.kz порталы.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Бейсен Құранбектің өлімінің алдында жазған жазбасы жұртты жылатты

Танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек көз жұмды. Бейсен Құранбектің қазасы күллі қазақтың қабырғасы қайыстырды. Желіде тележүргізушінің соңғы жазған естелігі жария болды.

"Білу - бөлек, түсіну - басқа. Жыл басынан бергі ішкі арпалысқа толы күндерімде, ұйқысыз түндерімде үш нәрсені тереңірек түсіндім... Бірінші,
Ұстазым жиі айтатын "бұл өмірде ақшадан да, биліктен де құдіретті дүние бар. Ол- ниеттің, тілектің, батаның күші" деген сөздің рас екенін.
Жаңалықтар
Толық
0 0