Жұрттың кәрілікке деп жиған осынша қаржысы инвестицияланған 5 компания тақырға отырған. Бүгін қор басшылары банкротқа ұшыраған кәсіпорындардағы ақшаның кері қайтпайтынын ашық айтты деп хабарлайды nur.kz, КТК арнасына сілтеме жасап.
Жантүршігерлік жол апатына түсіп, барша көрермендерін алаңдатқан Ернар Айдар жаңа клипін жарыққа шығарып үлгерді. "Күнім, сен сөнбеші" әнінің сюжеті шынайы өмірден алынған және ондағы кейіпкерлер өз бейнелерін сомдайды деп хабарлайды nur.kz.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов Vesti.kz порталына не үшін Геннадий Головкинмен емес, Сауль "Канело" Альварестің командасында жаттығып жатқанын хабарлады деп жазады nur.kz.
Былтыр ғана құрылған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-ның басшысы 1,7 миллион теңге жалақы алатын көрінеді. Бұл туралы кеше "Хабар" телеарнасында өткен дебат барысында танымал экономист Рахым Ошақбаев мәлімдеді деп жазады nur.kz sn.kz сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласының тұрғындары Кеңес дәуірінен келе жатқан екі көшенің атын ауыстыруға қарсы шықты деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме жасаған nur.kz.
Ерекше даусымен миллиондаған жанның жүрегін жаулаған Димаш Құдайберген соңғы кездері сахнаға боянып шығып жүр. Димаштың бұл образын қазақстандық көрермендер сынға алып, ер жігіт үшін әсіре боянудың артық екенін айтуда деп хабарлайды nur.kz.
Ұсталған кезінде үйінен табылған ақшасы 5 сағат бойы саналған Ақтөбенің атақты олигархы уақытынан бұрын бостандыққа шықты. Атышулы Мейіржан Өндіргенов рақымшылыққа ілініп, оның жаза мерзімі қысқартылған деп хабарлайды ктк арнасына сілтеме жасап nur.kz.
"Шетелдегі қазақ балалары" атты көңіл толқытар бағдарламасымен көпшілікке танымал болған Жанар Бәйсемізова Колесникова 20 шілде күні 38 жасқа толған еді. Осы орайда журналист фейсбуктегі жеке парақшасына тұрмысқа шыққалы бергі жаңа өмірі туралы жазды деп хабарлайды nur.kz.
Журналист Әсия Бағдәулетқызы өзінің Facebook-тегі парақшасына ерекше баннердің суретін жариялады. Желі қолданушылары елбасына жағымпаздық жасағандардың бұл әрекетін мазақ етті деп хабарлайды nur.kz.