Күйеуі теріс ағымның жетегінде кеткен әйел жанайқайын жеткізді

Күйеуі теріс ағымның жетегінде кеткен әйел жанайқайын жеткізді

Деструктивті діни ағымды ұстанатын еркекке тұрмысқа шыққан келіншек өмірінің тас-талқан болғанын жеткізіп, өз жанайқайымен бөлісті. Анықталғандай, әйел адам болашақ жұбайының салафит ағымын ұстанатынын білмеген. Өз басынан өткен ауыр жағдайды ол көпшілікке өзі айтып берді деп жазады "NewTimes.kz" сайтына сілтеме жасаған nur.kz

Күйеуінің теріс ағымда екенін аңғармай қалған әйел уақыт өте жолдасының тұйықтығынан, оның достарымен араласқандарын байқағаннан кейін күдіктене бастаған.

"Ол менің әрбір қадамымды бақылап отырды. Құрбыларыммен араласуыма тыйым салды. Жылына бірнеше рет тұрғылықты жерімізді ауыстыратынбыз", - дейді келіншек.

Мұсылман заңдарында ер азамат отбасының жағдайын жасап, оны асырауға міндетті екені бұл келіншектің күйеуіне қатысты болмаса керек. Ер адам мүлде жұмыс істемей, әйелін белшеден қарызға бытырған.

"Біздің жағдайда бұл сөз жүзінде ғана болды. Күйеуім жұмыс істемеді, мен қарызға кіріп кеттім. Әпкемнен, туған-туыстарымнан қарыз алуға мәжбүр болдым. Ақша табу үшін тәулік бойы дәріханада жұмыс істедім. Күйеуім болса, мені қорғаймын деген сылтау айтып, тапқан табысымның бәрін алып алатын" , - деді әйел адам.

Отбасының жағдайы нашар болғаны соншалық олар ғаламтордан әлеуметтік көмек көрсетілетін жерлерді іздеп тауып, тегін берілетін киімдерді алып киюге мәжбүр болған. Алайда, қыздары мектепте барғанда мүлде басқаша өмір басталды.

"Қызымды мектепке апталап жібермейтін. Ол білім ордасында әнұран айтылуын дінге қайшы деп санады" , - дейді келіншек.

Мектеп мұғалімдері сабаққа келмейтін оқушы қызды іздеп әлек болған. Ер адамды баласының үлгерімі мен оқу бағдарламасынан қалып қоюы мүлде алаңдатпаған. Отбасыда орын алған бұл жағдайлар қыздарға кері әсерін тигізген. Бүгінде олар Алматыдағы психикалық сауықтыру орталығында тіркелді.

Онсыз да жүйке жүйесі жұқарған әйелдің шыдамы жұбайының қыздарын етеккірі келген кезде тұрмысқа бермек болып, күйеу бала іздей бастағанда таусылған.

"11 жыл бірге өмір сүргенімізбен, некемізді заңды түрде тіркеген емеспіз. Ажырасқан күнде ол алимент төлемейді", - дейді жанайқайын айтқан ана.

Орын алған оқиғаға қатысты Заря Востока мешітінің бас имамы Қазбек Ахметов өз пікірін білдірген:

"Бүгінгі таңда халық арасында мұсылмандық жолмен неке қиғандар саны көбейіп кетті. Мұның кері әсері көп болып жатыр. Себебі теріс ағымды ұстанатындар мұны пайдалануда. Олар үш рет талақ сөзін айтып, ажырасып кете береді. Неке құзырлы мекемелерде тіркелмегендіктен оларды заңмен қудалау мүмкін емес. Ал әйел адамдар бұл жағдайда түксіз қалады" , - деді имам.

Осыған орай ҚМДБ бұл жағдайды назарға алып, қазір мешіт имамдарына заңды неке куәлігі болмағандардың некесін қиюға рұқсат етілмейді немесе екі жақтың ата-анасы куәлік етуі тиіс.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]