Ресей шенеуніктері үшін шетелдік шоттарға тыйым салынды
Жоғары лауазымды ресейлік шенеуніктер өздерінің мемлекеттік қызметтерін жоғалтып алмас үшін шетелдік шоттардан арылатын соңғы күн аяқталды.
Ағымдағы жылдың 19 мамырында қабылданған заңға сәйкес, жоғары лауазымды шенеуніктерге, парламентшілерге, судьяларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және мемлекеттік қызметшілердің өзге де санаттарына ақша қаражаттарын РФ аумағынан тыс орналасқан шетелдік банктерде сақтауға, шет ел мемлекеттерінің мемлекеттік бағалы қағаздарын, облигацияларын, акцияларын иемденуге тыйым салынады - деп хабарлады baq.kz.
Аталмыш санаттағы мемлекеттік қызметшілер РФ аумағынан тыс жерде жылжымайтын мүлікке ие бола алады, бірақ ол міндетті түрде декларацияланған болуы тиіс.
Заңға бағынбау Федерация Кеңесінің мүшесі, Мемлекеттік Дума депутаты, федералды судья өкілеттігін мезгілінен бұрын тоқтатуға, сондай-ақ алып отырған қызметінен босатуға алып келеді. Заңның тыйымдары сондай-ақ аталған мемлекеттік тұлғалардың жұбайлары мен кәмелетке толмаған балаларына таратылады.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
» Қазақстандық полицейлер 2017 жылдан бастап арнайы таяқша қолданбайтын болды
» Үкімет мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына 20 миллиард теңгені артық жұмсамақ
» Заңгер орысшаға қазақ тілінде жауап бергендердің әрекеті қаншалықты заңсыз екенін түсіндірді
» Жәрдемақы өседі: Тоқаев маңызды заңға қол қойды
» Жоғары лауазымды тұлға бюджеттен 1,2 млрд теңгені ұрлады деп айыпталды
Іздеп көріңіз: