Ресейге сыймаған "Рошенге" Қазақстанда рұқсат бар
Қазақстанда украиналық Roshen компаниясының өнімдерінен зиянды қоспалар табылмады, деп мәлім етті жұма күні, 16 тамызда, ҚР бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
"Тексеріс аяқталды. Өнімнің 101 үлгісіне зерттеу жүргізілді, яғни Астанада – 46, Алматыда 55 өнімге, кәмпиттердің атауы осыншалық. Барлығы микробиологиялық көрсеткіштер бойынша Кедендік одақтың азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі талаптарына толық сәйкес келеді", - деді Жандарбек Бекшин жұма күні ҚазТАГ тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында.
Ол сондай-ақ аталмыш компанияның тауарларын Қазақстан аумағына енгізуге ешқандай тыйым салынбайтындығын атап өтті. Бұған дейін хабарланғандай, Ресейде украиналық Roshen компаниясы өнімдерінің құрамынан бензапирен табылды деген ақпарат БАҚ беттерінде жарыса жазыла бастағандықтан, Қазақстан да осы компанияның кәспиттерін тексеруге кіріскен болатын.
Қазақстанда зерттеу кәмпит құрамынан денсаулыққа зиянды 7 қоспаны анықтау үшін жүргізілді, олардың ішінде бензапирен де бар. Айта кетейік, Қазақстанның кондитерлік өнімдер нарығында Roshen фирмасының үлесі 15-20%-ды құрайды.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: