Мектепке өтінішті ғаламтор арқылы беруге болады
Осы жылдың 1 тамыздан бастап мектепке өтініштерді ғаламтор арқылы беруге болады. Өтініштер "E-learning" электрондық білім беру жүйесі бағдарламасы енгізілген мектептер үшін қабылданады.
Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Ол үшін www.egov.kz электрондық порталында тіркелу қажет. Ата-аналар мектепті жалпы білім беретін мектеп, мектеп-гимназия немесе мектеп-лицей бейіндері бойынша таңдай алады.
Мектеп-гимназия немесе мектеп-лицейге өтініш берген жағдайда, 3 жұмыс күні аясында пайдаланушының жеке кабинетіне қабылдау емтиханынан өту керектігі, емтихан қай уақытта және қайда болатындығы туралы анықтама келіп түседі.
Кейін емтихан қорытындысы бойынша ата-аналар портал арқылы мектепке қабылдау туралы анықтама немесе бас тарту себебін түсіндірген жауап қайтарылады. Жалпы білім беретін мектепке өтініш 5 жұмыс күні аясында қарастырылады.
Егер бала қамқоршылықта болса, сауалға растау құжаттарының көшірмесін бекіту қажет. Қызмет 5 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі. Бұл қызметке Астана, Алматы қалаларының, сонымен қатар, Қазақстанның облыс және аудан орталықтарының тұрғындары жүгіне алады.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Мектеп-2017: оқу құралдары мен форма қанша тұрады?
» Қыркүйекте балалар онлайн оқи ма, әлде мектепке бара ма: Министр жауап берді
» Басы дауға қалған Білім министрі мұғалімдердің жалақысын көбейтпекші
» ҰБТ өткізу 2015 жылдан бастап тоқтатылады
» Тасмағамбетовтің қызы Алматыда 1200 орындық мектеп - гимназия ашты

KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: