Мұсылман қыздарға Facebook-ке суреттерін шығаруға тыйым салынды

Мұсылман қыздарға Facebook-ке суреттерін шығаруға тыйым салынды

Үндістанда мұсылман дінбасылар қыздарға өз суреттерін Facebook және басқа да әлеуметтік желілерге жарнамалауға тыйым салды. Бұл туралы The Indian Express хабарлайды.

Дін қызметкерлері "дінімізде әйелдерге өз сұлулықтарын бөтен еркектерге көрсетуге тыйым салынған" дейді. Сонымен бірге, олар әлеуметтік желілерде бос істермен шұғылданбай, пайдалы жұмыстар атқару керек дейді.

Ал махаббат керек болса, оны интернеттен емес шынайы өмірден іздеу қажет, дейді олар. Мұндай мәлімдемені сүннит және шиит мүфтилер жасады.

Ал Үндістанда мұсылмандарға телефон бойынша сүннит және шиит мүфтилер кеңес береді. Соңғы уақытта мұсылмандардың басым бөлігі ғаламторда өзін қалай ұстау керектігін сұрап, телефон соғады.

The Telegraph британ газеті мамандарының пікірінше, үнді жұртына мүфтилердің айтуымен жүріп-тұру қиынға соғады. Өйткені елде орта таптағы мұсылмандар күн санап артып келеді. Үндістанда халықтың 13,5 пайызы, яғни 180 миллионы мұсылмандар.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Мұсылман қыздарға Facebook-ке суреттерін шығаруға тыйым салынды, Мұсылман қыздарға Facebook-ке суреттерін шығаруға тыйым салынды жана жаналык казакша

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]