Отандық БАҚ "массаждың" атын жамылып, жезөкшелікпен айнылысатындарды сынға алды

Отандық БАҚ "массаждың" атын жамылып, жезөкшелікпен айнылысатындарды сынға алды

Қазақстанда жезөкшелік заңды түрде рұқсат етілмесе де, басқа қызмет түрлерінің атын жамылып, сол жезөкшеліктің дәл өзімен айналысып жүрген адамдар жетерлік.

Сондай қызмет түрінің бірі – массаж. «Массаж жасаймын, тәніңізді ерітіп, релакс сыйлаймын» деген сарындағы хабарландырулар интернетте жетіп артылады деп жазады Корреспондент басылымы.

"Егер сіз көшеге шығып, жезөкшелікпен айналысуға намыстансаңыз және өзіңіздің сұлулығыңызға сенімді болсаңыз, массаж үйреніп, жезөкшелікпен «білдірмей» айналыса аласыз. Сондай хабарландыру арқылы ақша тауып жүрген қыздардың біріне хабарласқанымызда өз қызметінің 10 мың теңгеден басталатынын айтты", - деп жазады басылым.

Басылымның жазуынша, өзін Нұргүл деп таныстырған қыз Астанаға 3 жыл бұрын қоныс аударған екен. Оның жоғары білімі бар. Алайда, Астанада бір жұмыспен күн көру қиын. Нұргүл массаж түгілі, жалпы медицинадан еш хабары болмағанын айтады. Бір танысы массажист екен. Әуелі содан үйреніп, сосын біраз арықтап, бой-басын күтіп, релакс массажға көшкен. Өйткені, бұл салада табыс мол.

«Бізге массажды керексінген науқас адамдар хабарласпайды. Кейде шатасып түсетіндер бар. Оларға бармаймыз. Бізге керегі – демалғысы келетін ер-азаматтар. Әрине, массаж да жасаймыз. Денесін уқалап, босатып, сосын егер өзі қаласа қосымша ақыға интимдік қызметтер көрсетеміз. Астанада мен сияқты бойжеткендер өте көп. Ең бастысы – бала көтеріп қалмау керек. Біздің қызмет көшедегі жезөкшенің қызметінен қымбат болғандықтан келетін клиенттеріміздің де қалтасы қалыңырақ, ауқатты болады. Олар үшін біздің денеміз тауар, сондықтан күн сайын шынығып, диета ұстап, таза жүреміз. Күн-түн демей тәулік бойы қызмет көрсетеміз», - дейді Нұргүл.

"Нұргүл сияқтылар жекелей қызмет көрсетеді. Олар өзіне ғана сенеді. Ал енді кәдімгі массаж салондары мұндай іспен айналыспайды дейсіз бе? Қателесесіз. Астанадағы сондай салонның бірі – «Эуфория-Спа» салоны. Астананың қақ ортасында, аумағы 900 шаршы метр болатын атшаптырым ғимаратта орналасқан. Оның сайтындағы көрсетілетін қызмет түрлерінен адам шошиды. «Моя госпожа», «Ты мне, я тебе», «Қуық безі массажы», «Лингама», «Соқыр массаж», «Мой повелитель», «Патшалар массажы», «Леди душ», «Соблазн», «Мұз бен жалын», «Суши леди», «Романтик», «Леди сопровождение», «Приват стриптиз», VIP Exclusive сияқты массаж түрлерін естіп көріп пе едіңіз? Атының өзі қоздырып, нәпсінің шарпуына шақырып тұрған жоқ па?!", - деп жазды отандық БАҚ.

Басылымның жазуынша, осы массаж салоны қыздарға мынадай мәтінде хабарландыру беріпті: «Егер сіз жас әрі сұлу, өзіңізге сенімді, ештеңеден ұялмайтын сексуалды, ер-азаматты есінен тандырардай қылықты қыз болсаңыз, бізге хабарласыңыз. Біз кәмелетке толған барлық сұлуларды релаксация шебері жұмысына шақырамыз!». Салон оған жұмыспен бірге тұратын баспана беріп, медициналық тексеруден өткізеді. Мұндай массажистердің көрсететін қызметі де арзан емес. «Лингама+қуық массажы» – 44 000 теңге, «Ты мне, я тебе» - 48 000 теңге, «Виагра» - 60 000 теңге, «Возрождение страсти» - 96 000 теңге, «Патшалар массажы» - 80 000 теңге. Сонда әлгі тәжірибесіз сексуалды қыздың бір массажы – 96 мың теңге болғаны ма? Оның көрсететін қызметі мүлде басқа екені айдан анық емес пе? Салон барлық құжаттарын әдемілеп рәсімдеп, тіпті клиенттерге қызмет ақысын карточкамен төлеуге мүмкіндік жасап қойған. Бүкіл әлеуметтік желілерде парақшалары бар.

"Былтыр Алматы полицейлері шетелден келген элиталық жезөкшелер тобын қолға түсірген еді. Олар да массаж жасаймыз деген желеумен жергілікті жігіттердің қалтасын қағып келген. Көбісі Ресей, Өзбекстан мен Белоруссиядан ауып келгендер болатын. Олар қаланың қақ ортасындағы қымбат тұрғын үйде пәтер жалдап, оны жынойнақтың ордасына айналдырған. Ең «арзан» жезөкшенің 1 сағаттық қызметі – 25 мың теңге. Ал бір түнеп шығу – 85 мыңға барады. Тәнін сатып пайда табатындар үш бөлмелі пәтерді айына сегіз жүз мыңға жалдап тұрған. Мұнда қонақтарды стриптиз билеп қарсы алып, май шамның түбінде түнімен көңілін көтереді", - деп жазды басылым.

Отандық БАҚ сол ұсталғандардың бірі «массажист» Настяның (Ресей азаматшасы) айтқандарын оқырман назарына салады.

«Елімде дұрыс жұмыс жоқ. Ол жақта бұл іспен айналысуға жақындарымнан қорқам. Алматыға келгелі қалаға шыққан емеспін. Клиенттің қалауына қарай күні-түні қонақ күтем. Айына жүз еркекке дейін қызмет көрсетемін. Қызмет ақысы сұранысқа қарай 15 мыңнан 80 мыңға дейін барады. Тұрақты клиенттеріміз бар. Басым көпшілігі қазақ ағашкалар. Олар жақсы. Көңілін жақсы көтерсең, келісілген сомадан артық ақша тастап кетеді. Ал үйіне шақырса баға екі есеге дейін өседі», - деген болатын.

Алматылық полицей Нұрланның сөзінше, алып шаһардағы ең қымбат жеңіл жүрістілердің бағасы 3 000 АҚШ долларына дейін жетеді. Олардың барлығы Украина мен Белоруссияның “мисстері” екен.

Басылым материал соңында оқырмандарына "мұндай элиталық массаж салондарының «крышасы» болмаса, алаңсыз жұмыс істеуі мүмкін бе, "маскировка" жасап, жезөкшелікпен айналысу, соның арқасында миллиондаған табыс табу кәсіпкерлікке жата ма" деген сауалдар тастайды.

Дереккөз: nur.kz
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
массаж, қызмет, теңге, массажы», дейін, Нұргүл, деген, адамдар, қымбат, мыңға, жүрген, қызметі, жезөкшелікпен, болатын, басқа, сияқты, Қазақстанда, тұрған, жазды, жазуынша

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]