Әлемде алғаш рет ұшатын автомобиль жасалды (видео)
Американың Terrafugia компаниясы әлемде бірінші болып ұшатын автомобильді жасап шығарды. Бұл туралы Inhabitat порталы дерегіне сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.
Автомобильді аспанға алып шығатын TF-X қондырғысы өзінің алғашқы аэродинамикалық сынағын бастап кетті. Өндіріс орны жаңа көліктің 2018 жылы жаппай шығарыла бастайтынына сенімді болып отыр.
Компания өкілі хабарлағандай, ұшушы автомобиль Массачусетс технологиялық институты мамандарының қатысуымен жасалған. Қазіргі күндері TF-X қондырғысының бірінші прототипі тап осы оқу орнындағы аэродинамикалық тұрбада тексеруден өтуде. Көлік жасаушылардың айтуларынша, ұшушы жабдықтың 300 аттың күшіне тең екі жылжымалы қанаты бар. Солардың көмегімен TF-X сағатына 322 шақырымдық жылдамдықпен ұша алады.
Ұшу кезінде машинаны автопилот басқарады. Мұндай қозғалыс құралының егесіне компьютерге баратын жерді айтып берсе, жетіп жатыр. Содан соң жолаушыны қонатын нүктеге барынша қысқа жолмен оның өзі алып барады.
«Болашақтың автомобилін» ойлап табушылар өздерінің басты мақсаты жолаушы мен жүкті «есіктен – есікке» алып баратын, кәдімгі машина тәрізді гаражға сыйып кете беретін көлік жасау болып табылатынын атап өтті. Бірақ олар өздері шығарған инновацияға автомобиль ретінде қарап отырған жоқ.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» "Google" өзінің "ақылды" көзілдіріктерін жаппай сатылымға шығарды
» Париж тұрғындары қоғамдық көлікте тегін жүреді (ВИДЕО)
» Димаш жаңа бейнебаянның қашан жарық көретінін хабарлады
» Көлік құрастырушылар соңғы үлгілерін жұртшылыққа ұсынбақ
» Әлемнің жарты байлығы небәрі 8 адамның еншісінде

KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: