Танымал бапкер: Головкинді өткен жылдың үздік боксшысы деп санаймын

Танымал бапкер: Головкинді өткен жылдың үздік боксшысы деп санаймын

Танымал жаттықтырушы Фредди Роуч Fighthype.com-ға берген сұхбатында өткен 2015 жылдың үздік боксшысы деп кімді санайтынын атады.

Бұл туралы GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми тобында хабарланды деп жазады Қазақпарат.

Жылдың үздік боксшысы кім? Жұрттың пікірінше, Тайсон Фьюри, Флойд Мейвезер деген сауалға ол:

"Тайсон Фьюри? Ол кәрі Кличконы ұрып тастады. Иә, Фьюри жеңді және оған лайықты баға беріп отырмын, бірақ мен оны жылдың үздік боксшысы деп ойламаймын", - деген Роуч өзіне Головкиннің қатты ұнайтынын жеткізген.

"Маған Головкин қатты ұнайды. Ол өте жақсы және ақылды боксшы, ол рингте орынды жақсы ауыстыра біледі, өз-өзін ұстай алады. Мен оның Канеломен жекпе-жегін көргім келеді. Мен оны (жылдың үздік боксшысы атағына) таңдаймын, ол маған ұнайды, меніңше, ол жылды табысты өткізген", - деп сөзін түйді бапкер.

дереккөзі, ФОТО: AMSTERDAMBOXING.RU
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
боксшысы, үздік, жылдың, Фьюри, атады, ұнайды, қатты, деген, Тайсон, Танымал, санайтынын, жақсы, берген, Фредди, сұхбатында, кімді, өткен, жаттықтырушы, Fighthype, алады

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]