Сахнада баланың аузына түкіріп, теуіп жіберген Төреғали сынға ұшырады (видео)

Сахнада баланың аузына түкіріп, теуіп жіберген Төреғали сынға ұшырады (видео)

Төреғали Төреәлі сахнада өзіне гүл сыйлаған кішкентай баланың аузына түкіріп, кейін теуіп жіберген. Бұл видеоны көрген желі қолданушылары әншінің әрекетін қызу талқыға салған деп жазады nur.kz.

Желідегілердің бірі әншінің бұл ісін қолдаса, екіншілері қарсылық білдірген.

"Дұрыс! Қазақтың ырымын білетін, жөн білетін бала. Қазіргі әншілер мұндай ырымдардан хабарсыз", "Бойынан нағыз ауылдың иісі аңқып тұрған жігіт қой", "Жарайсың" деп жазған желідегілердің жақтаушы тобы.

Ал әншінің бұл әрекетін ұят санағандар: "Мынаусы несі?", "Сахнада тұрып, осылай істеуге болады ма?", "Баланың аузына түкіріп, тағы тебесіз?", "Кішкентай балаға елдің алдында аяқ көтергенің дұрыс болмады", "Бір түкіргеннен атақты болып кетпейді ғой. Мен олай жасатпас едім" деп жарыса пікір білдірді.

Айта кетейік, аталмыш видеоны әнші өзінің Instagram парақшасына жүктеген.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әншінің, әрекетін, видеоны, аузына, түкіріп, білетін, Төреәлі, жазады, салған, талқыға, қолданушылары, көрген, Төреғали, жіберген, кейін, баланың, кішкентай, сыйлаған, сахнада, теуіп

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]