Ақышев: Теңге тұрақталады, айырбас орнына сабылудың қажеті жоқ

Ақышев: Теңге тұрақталады, айырбас орнына сабылудың қажеті жоқ

Ұлттық валютамыз келешекте ішкі нарықта толық үстемдікке ие болады. Бұл туралы бүгін Шымкенттегі іссапары барысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

«Теңге бағамы тұрақты болады, сондықтан айырбас орындарына сабылудың қажеті жоқ», - дейді бас банкир.

Ақпанның 1-жұлдызынан бастап шетел валютасымен салынған депозиттер сыйақысы 3-тен 2-ге дейін төмендетілген. Керісінше, теңгемен жинақталған ақшаға 14%-дық сыйақы тағайындалған. Сондай-ақ екінші деңгейлі банктер арқылы алынған ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бойынша арнайы жеңілдіктер де қаралып жатыр.

Бас банкир елімізде біртіндеп ұлттық теңгемен ғана сауда-саттық жасау қолға алынып жатқанын тілге тиек етті.

"Елімізде үкімет пен ұлттық банкке тиесілі жинақталған жалпы қордың көлемі 31,6 млрд АҚШ долларына папа-пар келеді. Жинақталған қомақты қор Қазақстанның қаржылық мәселесін шешіп, экономикамыздың ары қарай тұрақты дамуына мүмкіндік береді. Біз қажетті қор жинау арқылы әлеуметтік мәселелерді қаржылай қамтамасыз етіп қана қоймай, қандай қиындық болса да еңсеруге толық мүмкіндігіміз бар", - дейді Ұлттық банк төрағасы.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Ұлттық, төрағасы, толық, болады, мәлімдеді, банкир, арқылы, ұлттық, тұрақты, теңгемен, Данияр, жинақталған, дейді, Ақышев, үстемдікке, барысында, валютамыз, нарықта, келешекте, туралы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]