Қарағандыда ІІМ-нің 200-ге жуық курсанты басшылыққа қарсы көтерілді
Қарағандыда ІІМ-нің Б.Байсенов атындағы академиясының курсанттары наразылық шеруге шықты деп хабарлайды сенімді дереккөз nur.kz-ке.
Дереккөздің хабарлауынша, оқу ордасының 200-ге жуық курсанты 25 қаңтар күні кешкі сағат 22-00 шамасында оқу орнын тастап, беттеріне бетперде киіп алып, Ермеков көшесінен Газалиев көшесінің қиылысына дейінгі жолды жауып, жол қозғалысын шектеген.
Тек полиция қызметкерлері мен академия басшылығы араласқаннан кейін болашақ полицейлер оқу ордасына қайтарылған.
Дереккөздің хабарлауынша, олар "казармадағы адам төзгісіз жағдай мен 4 курс басшысының ақша жинайтынын" айтып арызданған.
"Біз төртінші курс басшысы бізден тұрмыстық қажеттіліктерге қаржы жинауын тоқтатуды талап еттік. Сонымен қатар казармадағы қатаң тәртіптің тыйылуын сұрадық. 4 курс басшысы казармада адам төзгісіз шектеулер орнатты", - деп хабарлады сұхбат беруші.
Наразылыққа шыққандарға академия басшы істің анық-қанығын тексеріп, осыған қатысты қандай да бір шара қолданатынын айтқан.
Кадрлық қызмет бойынша, академия басшысының орынбасары Айдар Сайтбеков түсірілген шағымға байланысты қызметтік тексеріс жүргізілетінін атап өтті.
"Тексеріс жүргізіледі. Егер заңсыз қаржы жиналған болса, сонымен қатар казармада адам төзгісіз тәртіп орнатылған болса, онда кінәлілер қатаң жазаға тартылады", - деп атап өтті Сайтбеков.
Сондай-ақ наразылыққа шыққан студенттер мен олардың ата-аналарымен ҰҚК-нің қызметкерлері әңгімелесіп жатқанын дереккөз мәлім етті.
Наразылықты ұйымдастырған курсанттар оқу орнынан шығарылуы мүмкін.
Сондай-ақ кей дереккөздер оқу орнында Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов болып қайтты деген ақпаратты жеткізді.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде келтірілген шығын 30 млн теңгеге бағаланды
» Алдағы 10 жылда жойылып кетудің алдында тұрған мамандықтар қандай?
» ІІМ полицейлер мен биші қызға қатысты видеоға жауап берді
» Роналду тағы да «Алтын доптың» иегері атанды
» Роналду мен Месси әлемдегі ең қымбат көлікке таласып қалды

KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: