Тұрсынбек Қабатовтан қазақтарды келмеждеуді тоқтату талап етілді

Тұрсынбек Қабатовтан қазақтарды келмеждеуді тоқтату талап етілді

Белгілі әзілкеш, танымал шоумен соңғы уақыттағы өз халқы туралы айтылған әзілдеріне қатысты өткір сынның астына қалды. Мәселен, "Корреспондент" басылымының тілшісі шоуменді "Базар жоқ" бағдарламасында өз ұлты жайлы толастамайтын әзілдер үшін сынаған.

"Қарапайым тұрмыс-тіршіліктің күйбеңін суреттеп, көрерменін қыран-топан күлкінің астында қалдыратын театрдың артықшылығы аз емес. Алайда, соңғы кездері «Осы Қабатов қазақтарды бейшара етіп көрсеткенін қашан қояды?» - деп шамданған кісілерді де көріп жүрміз. Тұрсынбек айтпақшы, «Біз қазақ әрнәрсенің жақсы жағын байқамайды екенбіз ғой. Жаман жағын байқаймыз». Әйткенмен, ол өзінің осы қойылымында: «Мал түгілі адамның атын дұрыс айтпаймыз»,-деп бірқатар қазақтардың кемшілігін тізе келіп, «Жақсы нәрсе ойласақ жақсы нәрсе береді. Бір балаға сен ақылды баласың десе, ана бала ұялғанынан ақылды болып кетеді екен да. Ал біз тупой дейміз. Сосын ол жүреді мен тупоймын, дым білмеймін деп»,-дейді. Сөйтіп сөз соңын: «Жақсы нәрселер байқап жүрсек, жақсы нәрселер болады, ағайын»,-деп аяқтайды. Бірақ осы кісінің неге қазақтардан жақсы нәрсені байқай қоймайтыны бізді де ойландырады. «Жамандасаң әкеңді, саған әкеп, Жақсы әкесін бере ме басқа бала» дегендей өз елімізді, өз ұлтымызды қаралай берсек көрген басқа не дейді, басқа жұрт не істемейді?!", - деп жазады басылым.

Сөйте келе автор, әзілкешке ресейлік жасы егде әріптесінен үлгі алуға шақырады.

"Ресейде Михаил Задорнов: «Когда смешно, тогда не страшно»,-деп біраз елінің кемшілігін жіпке тізгенімен, көбіне Ресейді басқа мемлекеттермен салыстыра келіп, артықшылығын айта кетуді әсте естен шығармайды. «Қазір әрнәрседен бәле іздейміз де тұрамыз», - дейді тілші.

Сонымен қатар басылым, біреудің кемшілігін көрсетемін деп, күллі халыққа күйе жағу қаншалықты ойға қонымды деген сауал тастайды.

Автор Қабатовтың "Сырласу" бағдарламасына берген сұхбатын ескеруді де ұмытпады: «Керемет қазақпыз ғой негізі. Мен қазақ десе жанын беретін қазақпын. Халықтың арасында жүрген қазақпын. Сосын шығар, қазақ үйтпесе екен, бүйтпесе екен, мынадай ел болсақ екен деп тұрам. Менің әзілдерімнің мақсаты - халықты тәрбиелеу»,-деп түсіндіріп еді. Ал біздің айтпағымыз, «болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді».

"Әсте қазаққа тіл тигізбеңіз деп ұрыссақ та, сөз арасында өзгелер сияқты артықшылығымызды, басқа елдермен салыстырғанда тектілігіміздің де басымдығы барын тілге тиек ете кетуді ұмытпаса игі дейміз.Болмаса өзімізді мазақ етіп, өзіміз күле бергеніміз ерсі сияқты. Сондықтан сөзімізді кейіпкеріміз айтқандай, «Жұртты күлдірсек те, елге күлкі болмайық!», - деп аяқтағанымыз жөн шығар...", - деген кеңесін береді автор мақала соңында.

ФОТО: ARTSURPRISE.CHESNOK.KZ, дереккөзі
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
басқа, жақсы, кемшілігін, дейді, қазақ, соңғы, қазақпын, арасында, нәрселер, ақылды, дейміз, Сосын, береді, кетуді, «Жақсы, деген, жағын, сияқты, Белгілі, келіп, Тұрсынбек Қабатов

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]