Доллардың тұрақсыздығынан қара базардағы көлік бағасы екі есеге түскен (видео)

Доллардың тұрақсыздығынан қара базардағы көлік бағасы екі есеге түскен (видео)

Айырбас бағамы ырыққа көнбей кеткен доллардың тұрақсыздығы көлік саудасына да кері әсерін тигізуде. Сатушылар доллар өскен сайын, көлік бағасын түзетіп, төмендетіп жазуға мәжбүр деп хабарлайды 31 арна.



Содан-ақ болар базардағы ең қымбат баға 25 мың доллардан аспауда. Ал сатып алушылар долларлық эквивалентте арзан көрінген темір тұлпар, теңгеге аударғанда аспандап шыға келеді-деп отыр.

Ғабит Торғаев көлік саудасымен 15 жылдан бері айналысып келеді. Бастапқыда саудаға шығаратын темір тұлпарларын Германия мен Балтық елдерінен әкелген екен. Былтырғы жылдан бастап қымбат шетелдік көліктерді Ресейден жеткізіп жүр. Оның өзі мемлекеттік алым қымбаттаған кейін тиімсіз болып қалды -дейді.

"Көбінесе бағаны біліп қайтайық, базар не болып жатыр деп келеді. Ал нақты машина аламын деп келетіндер қазір бірен-саран болып қалды. Ал арзан машиналар теңгемен саудаланатын. Қазіргі уақытта 300 мың, 600 мың теңгелік машиналар өтіп жатыр. Қымбат машиналар тұр", - дейді сатушы Ғабит Торғаев.

Жылы жаңа, премиум санатындағы көліктерді базардан небәрі 14 мың долларға табуға болады. Ақшасын алып, көлік тақымдап қайтуға оқталып келгендерге саудагерлер тағы бір-екі мың доллар түсуге бар. Бағаның барлығы доллармен белгіленген. Алайда курс айырмашылығын шегеріп, шынайы бағасынан асырмай арзанырақ беремі -дейді алып-сатарлар.

"40 мың доллар тұратын көліктер қазір екі есе түсті. Жеңіл, жүк машиналардың құны түсіп кетті. Онда да алып жатқан адам жоқ. Базар бос, машиналар өтпей жатыр", - дейді сатушы Нұржан Шыңғысбаев.

Десе де доллармен қол жетімді көрінген көліктерді теңгеге аударып, доллардың ескі курсына шақсақ бағаның бұрыңғыдан өзгермегенін байқаймыз. Тиімді ұсынысты қазір тек жылжымалы мүлкін дереу сатамын деушілер мен көлемі үлкен, жер талғамайтын көліктерін сатушылардан ғана табуға болады.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
көлік, доллар, машиналар, дейді, қазір, көліктерді, болып, келеді, жатыр, доллардың, сатушы, болады, қымбат, Айырбас, кеткен, темір, Ғабит, Торғаев, доллармен, бағамы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]