Қазақстандық бойжеткендер не үшін шетелдік күйеу таңдайтындарын айтып берді

Қазақстандық бойжеткендер не үшін шетелдік күйеу таңдайтындарын айтып берді

Өзге елдің азаматарына тұрмысқа шыққандардың барлығы жоғары білімді, қалталы, әрі мансап құрып үлгергендер.
Шетелдік азаматтарға тұрмысқа шыққан бойжеткендерді көпшілік жақтыра бермейді. Барлығының айтары елімізде де сымбаты да, салиқалы ер жігіттер жетерлік.


Әрине, бар. Алайда тағдырдың жазуы болар кейбір қазақстандық бойжеткеннің таңдауы шекара сыртындағы шетелдікке түсіп жатады. nur.kz порталының журналистері шетелдікке күйеуге шығып, әлемнің әр түкпірінде тұрып жатқан 3 жерлесіміздің тағдыры туралы жазбақ.

Жанна мен Мартин
Қазақстандық бойжеткендер не үшін шетелдік күйеу таңдайтындарын айтып берді

Жанна мен Мартин өздерін қосқан бірінші құдайға, сосын дамыған технологияға алғыс айтады. «Ғаламтор болмаса бүгін біз бірге болмақ түгіл, бір-бірімізді танымаста едік» деп күледі жұбайлар. Қыз –Қостанайдан, ал жігіт Ұлыбританияда тұратын латынамерикалық азамат. Әлеуметтік желі арқылы танысып, тіл табысқан жастардың ойлары бір жерден шыққан. Алғашында Лондонда кездескен олар жақын араласып, үйленуге бел буған. Жарты жылдан соң жастар Қостанайда шаңырақ көтерді.


«Менің ата-анам алғашында ағылшын азаматымен таныстығыма күдіктене қарады. Кейін күйеу балаларын көрген соң, менің таңдауымның дұрыс екеніне көздері жетті. Ал, Мартиннің әке-шешесі бұл жаңалықты жақсы қабылдапты. Себебі олардың жанұясы Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанда болып, жергілікті жұрттың қонақжайлылығына қанық болған», – дейді Жанна.

Қазір отбасы Ұлыбританияда тұрады. Жаннаны алғашында көшедегі фаст-фудтқа үймелеген адамдар, көшеде қаңғыбас иттің жоқтығы таңқалдырған. Себебі, бұл елде иесіз төрт аяқтыға адамдар жауапты қарайды және арнайы орындарда ұстайды.

Лия мен Константин

Лия Қазақстандағы телеарналардың бірінде танымал жүргізуші болып қызмет атқарып, сонымен қатар университетте тәлім алған. Қолына диплом алған бойжеткен білімін жетілдіру үшін Грецияға жол тартады. Бұл елді жерлесіміз жай таңдамады. Себебі бойжеткеннің туыстары осы елде тұрады және ұзақ уақыт бойы Константин есімді тіс дәрігерінде емделгенінен құлағдар.

Грецияға білім іздеп келген бойжеткеннің тағдыры құдды бір кинодағыдай махаббат оқиғасымен ұласады. Жас журналистің тісі ауырып, емдету үшін отбасылық дәрігерге барады. Осылайша алғашқы таныстық басталған. Жерлесіміз өзге елде жүріп, магистрант дипломы мен қатар өзіне өмірлік жар және жаңа ел тапты.

«Мен Қазақстан азаматы болғандықтан некемізді жергілікті әкімдікте қидық. Гректердің үйлену тойы қазақтарға ұқсас 200-300 адам келіп, күн бойына ән салып, билеп, тойлайды. Біз өз тойымызға ет жақын деген 50 адамды шақырдық. Дастарханда грек ұлттық тағамымен қатар қазақтікі тұрды. Мәселен, қазы», – дейді Лия.


Лияның сөзінше, келін міндетінде гректер мен қазақтың ұқсастығы бар. Мәселен, жас келін кесеге толтырмай, дұрыс шай құйып білу, «эллинико» кофесін дәмді қылып даярлау сынды жұмыс жүктелген. Жерлесімізді Грекиядағы уақыт тапшылығы таң қалдырған. Мәселен, банктер түскі асқа дейін ғана жұмыс жасаса, дәріханалар 14 00 –де жабылып қалады екен.

Жамиля мен Хакан

Жәмиләға шетелге күйеуге шығатынын бірінші болып қазақстандық танымал көріпкел айтқан. Алғашында бойжеткен балгердің сөзіне сенбепті. Себебі, дәл сол кезде өз жерлесімен кездесіп жүргенін айтады. Малайзияда білім алған Жәмилә Канададағы бизнес-мектептің студенті атанады. Штатта оқып жүріп, достарымен бас қосу кезінде құрбылары Түркиялық Хакан есімді азаматпен таныстырады.

«Мен күйеуімнің сымбаттылығын соңғы орынға қойдым. Мен үшін ең бастысы биязылық пен оның маған деген құрметі. Хакан өте әзілқой, ержүрек, қайрымды жан. Біз танысқаннан кейін бір жарым жылдай араласып барып үйлендік. Үйлену тойымыз Хакан тұрып жатқан Торонто қаласында, жақын достарымыздың қатысуымен болды. Артынша біз Қазақстанға келіп, қуанышымызды менің туыстарыммен бөлістік. Әке-шешем Хаканды жақсы қабылдады. Ет асып, асқа тойдырып, қонақжайлықтарын көрсетті. Осыдан соң Хаканның туыстары быраз уақытқа дейін тамаққа қарай алмады», – деп күледі Жәмилә.


Шетелдікке күйеуге шығу кейбір бойжеткендер үшін махаббат тарихы болса, енді бірі үшін- жүрегінің жартысын тауып, жеке өмірін қалыптастыру.

Megalove агентігінің директоры Жанна Мұқанованың сөзінше, қазақстандық бойжеткендер сүйген жарын бірінші жерлестерінің арасынан іздейді. Кейбірі таптым дегеннің өзінде балалы болған соң ажырасып жүрек қалауын шетелдіктерден кездестіреді. Өзге елдің азаматарына тұрмысқа шыққандардың барлығы жоғары білімді, қалталы, әрі мансап құрып үлгергендер.

«Біздің елде 30-40 жасқа тақап қалған еразаматтар баласымен ажырасқандар, өзі қатарластарына қарамайды, жас қызға үйленгісі келеді. Тіпті 50-ді алқымдағандардың да қалауы сол. Ал, жас қыздар “ағашкаларға” күйеуге шықпайды ғой. Осылайша уақыт өтіп, кәрі қызда, сүр бойдақтың да саны көбейе береді. Шетелде махаббат жасқа қарамайды деген қағида қалыптасқан. Олар жұбының жасына, бұрынғы өткен өміріне мән бермейді. Олар үшін болашақ маңызды. Сол үшін де кездескен жартысымен тіл табысса болды, үйленуге дайын», – дейді Жанна.


Агенттік басшысының сөзінше, шетелдік күйеу жігіттермен жұмыс жасауға аса құлықсыз. Себебі шекара сыртындағы азаматтарды тексеру өте қиын. Оның алаяқ немесе қылмыскер екенін ешкім дәлелдей да, тани да алмайды. Соған қарамастан олардың қазақ жерінен қыз алуға деген құлшыныстары жоғары.

«Біздің агенттіктің көмегіне жүгінген қыз-келіншектердің барлығы шетелдікке тұрмысқа шыққысы келеді. Ал, жігіттер жағынан ондай сұраныс жоқ. Әйелдер жағы: Америка, Испания, Италия, Франция, Германия сынды елдердің ер азматтарымен танысуға дайын. Ал біздің елдің қыздарына сұранысты ең көп жасайтындар түріктер мен қытайлар. Біз бұл елдердің азаматтарына жауап қайтармаймыз. Себебі түріктердің отанында жанұясы бар. Ал, қытайларда отбасы құру үшін қомақты салық төлеу қажет. Сол үшін олар қазақстандық қыздарға көз тігеді», – дейді агенттік басшысы.

Агентіктердің мәліметінше, қазақстандықтардың арасында шетелдікке күйеуге шығуға келісім беретін орыс келіншектер аз. Ал, қазақ қыздары өз жартыларын шетелдегі қазақтардың арасынан іздейді. Таппаған жағдайда басқа ұлт өкіліне шығуға дайын. Елді де, жігітінің де ұлтына қарамайтындардың көш басында корейліктер мен ұйғырлар тұр. Талай жылдан бері жүздеген жұптың басын қосқан Жанна Мұқанова қыздарға жиі кеңес айтады. “Аспанға қарап, ханзада күтпе. Жан-жағына қарап жүр, өмірлік жарың жанында”, – дейді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Брак с иностранцем, Семья, Қазақстандық бойжеткендер не үшін шетелдік күйеу таңдайтындарын айтып берді, Себебі, тұрмысқа, Жанна, күйеуге, дейді, деген, Хакан, қазақстандық, елдің, шетелдікке, барлығы, жоғары, Мәселен, білімді, үлгергендер, бойжеткеннің, мансап, болып, бірінші, жақын

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]