Илья Ильин Рио Олимпиадасынан алтын медаль әкелетінін айтып, уәде берді

Илья Ильин Рио Олимпиадасынан алтын медаль әкелетінін айтып, уәде берді

2016 жыл әлем спортшылары үшін айрықша дата. Себебі, биыл Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Аталған сында Қазақстан намысын қорғайтын ауыр атлет Илья Ильин Олимпиада ойындарынан алтын әкелуге уәде берді деп хабарлайды Астана арнасы.

Естеріңізде болса, 2015 жылдың желтоқсанында Грозныйда өткен ауыр атлетикадан Ресей президентінің кубогі додасында Ильин әлемдік рекордты жаңартып, жеңімпаз атанған болатын. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша рекорд орнатып, 437 келіні көтерді.

«Менің жаттығуларымның нәтижесі жарыста көрінеді. Менің 437 келіні еңсергенім шын мәнінде еңбектенім жатқанымның дәлелі. Осыдан соң, Олимпиададан алтын әкелемін деп айта аламын», – дейді Ильин.

Бұдан бөлек, Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова да Риода өзінің төрт жыл бұрынғы жетістігін қайталауға ниетті екенін айтты.

«Қазір бар уақытым Олимпиадаға дайындалумен өтіп жатыр. Әрине, алтын басты мақсатым. Алайда, алдын ала болжам жасамағанымыз дұрыс болар», – дейді Рыпакова.

Еске сала кетейік, Лондон Олимпиадасынан соң екінші сәбиін дүниеге әкелген Ольга Рыпакова өткен жылғы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
алтын, Олимпиада, Ильин, Рыпакова, Астана, арнасы, қаласында, келіні, хабарлайды, әкелуге, дейді, Ольга, спортшылары, Лондон, өткен, айрықша, Себебі, берді, өтеді, ойындарынан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]