Қазақстанда «мобильді құлдық» енді болмайды
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда абонеттік номерлерді басқа операторға көшіру қызметі іске қосылды. Бұдан былай әр абонент мобиль телефон номерін сақтай отырып, басқа оператордың қызметіне жүгіне алады деген сөз. Осының бәрі "Ақпараттандыру туралы" ҚР Заңының арқасында мүмкін болып отыр. Ел ішінде мобиль телефон номерін сақтай отырып оператор ауыстыру мүмкіндігі "мобиль құлдықтан" құтылу деп аталып кетті.
Жоқ. Алдымен балансыңызда қалған қаражатты қайтарып беруін өтініп, бұрынғы операторыңызға жүгіну керек. Тек, Kcell мен Activ арасында көшкен жағдайда ғана балансыңызды ала кетуге мүмкіндік бар.
Биылша ұялы байланыс операторлары арасында алпыс күнде бір рет қана көшуге болады. Кейіннен бұл әрекетті ай сайын жасаймын десеңіз де өз еркіңізде. Қызмет - тегін.
Мобиль байланыс операторын ауыстыру үшін жеке куәлігіңізді алып, көшкіңіз келетін оператордың қызмет көрсету орталығына баруыңыз керек. Көшкіңіз келетінін айтып өтініш жазасыз. Басқа операторға ауыстырғыңыз келетін номер өз атыңызда болуы тиіс екеніне назар аударыңыз. Қызмет көрсету орталығында жаңа SIM-карта аласыз. Номердің өзін көшіруге бірнеше минуттан төрт сағатқа дейін уақыт кетеді.
Кейбір операторлар алдымен өтінішті қабылдағаны, содан кейін номерді көшіргені туралы SMS жіберетіні бар.
Басқа операторға көшу үшін өтінішті онлайн беруге болады: Kcell, Activ, Beeline, Tele2, Altel.
Сонда да, құжаттарға қол қойып, жаңа SIM-карта алу үшін қызмет көрсету орталығына бір баруға тура келеді.
Қазір қандай да бір номер қай компанияға тиесілі екенін префиксінен білеміз: "701, 702" - Activ немесе Kcell; "705" - Beeline; "700" - Altel; "707" - "Теле 2" деп кете береді. "Мобиль құлдықтан" құтылғаннан кейін бұлай болмайды. Клиентке қай оператордың номеріне қоңырау соғып жатқанын хабарлап отыру немесе хабарламау заңда көзделмеген. Әзірге, кейбір компаниялар өз абоненттері арасында басқа операторлардың номеріне қоңырау шалу кезінде шатасып кетуін болдырмау мүмкіндігін қарастырып қойыпты, енді біреулері олай істемейміз деп отыр.
Номеріңізді көшіруге бес жағдай кедергі болуы мүмкін:
Номер өз атыңызға тіркелмеген болса.
Тексеру кезінде ұялы байланыс қызметіне қарызыңыз бар болса.
Оператор алдында сатып алған абоненттік құрылғы (мысалы: телефон, планшет, т.б.) бойынша шартты міндеттемелеріңіз болса.
Номеріңізді соңғы көшіргелі бері 60 күн өтпесе (биылша ғана).
Құқық қорғау органдарының талап етуімен номерге блок салынған болса.
Бұрынғы операторда қалған балансты ала көшуге бола ма?
Жоқ. Алдымен балансыңызда қалған қаражатты қайтарып беруін өтініп, бұрынғы операторыңызға жүгіну керек. Тек, Kcell мен Activ арасында көшкен жағдайда ғана балансыңызды ала кетуге мүмкіндік бар.
Мобиль байланыс операторын қаншалықты жиі ауыстыруға болады?
Биылша ұялы байланыс операторлары арасында алпыс күнде бір рет қана көшуге болады. Кейіннен бұл әрекетті ай сайын жасаймын десеңіз де өз еркіңізде. Қызмет - тегін.
Басқа операторға қалай көшемін?
Мобиль байланыс операторын ауыстыру үшін жеке куәлігіңізді алып, көшкіңіз келетін оператордың қызмет көрсету орталығына баруыңыз керек. Көшкіңіз келетінін айтып өтініш жазасыз. Басқа операторға ауыстырғыңыз келетін номер өз атыңызда болуы тиіс екеніне назар аударыңыз. Қызмет көрсету орталығында жаңа SIM-карта аласыз. Номердің өзін көшіруге бірнеше минуттан төрт сағатқа дейін уақыт кетеді.
Кейбір операторлар алдымен өтінішті қабылдағаны, содан кейін номерді көшіргені туралы SMS жіберетіні бар.
Оператор ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына бару міндетті ме?
Басқа операторға көшу үшін өтінішті онлайн беруге болады: Kcell, Activ, Beeline, Tele2, Altel.
Сонда да, құжаттарға қол қойып, жаңа SIM-карта алу үшін қызмет көрсету орталығына бір баруға тура келеді.
Біреуге қоңырау шалғанда, оның қай операторда екенін қалай білемін?
Қазір қандай да бір номер қай компанияға тиесілі екенін префиксінен білеміз: "701, 702" - Activ немесе Kcell; "705" - Beeline; "700" - Altel; "707" - "Теле 2" деп кете береді. "Мобиль құлдықтан" құтылғаннан кейін бұлай болмайды. Клиентке қай оператордың номеріне қоңырау соғып жатқанын хабарлап отыру немесе хабарламау заңда көзделмеген. Әзірге, кейбір компаниялар өз абоненттері арасында басқа операторлардың номеріне қоңырау шалу кезінде шатасып кетуін болдырмау мүмкіндігін қарастырып қойыпты, енді біреулері олай істемейміз деп отыр.
Бір оператордан басқасына көшуіме рұқсат бермей қоюы мүмкін бе?
Номеріңізді көшіруге бес жағдай кедергі болуы мүмкін:
Номер өз атыңызға тіркелмеген болса.
Тексеру кезінде ұялы байланыс қызметіне қарызыңыз бар болса.
Оператор алдында сатып алған абоненттік құрылғы (мысалы: телефон, планшет, т.б.) бойынша шартты міндеттемелеріңіз болса.
Номеріңізді соңғы көшіргелі бері 60 күн өтпесе (биылша ғана).
Құқық қорғау органдарының талап етуімен номерге блок салынған болса.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақстанда төртінші GSM-оператор іске қосылды
» Қазақстанда ұялы байланыс тарифтері арзандады
» Телефонсыз қалам демесеңіз, IMEI-кодын тіркеуге асығыңыз
» Қазақстандағы байланыс операторлары 4G қызметін ұсынуға рұқсат алды
» 1 шілдеден бастап қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр?

KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: