Шымкент тұрғындары өзге қазақстандықтардан несімен ерекшеленеді?

Шымкент тұрғындары өзге қазақстандықтардан несімен ерекшеленеді?

Тұрғындары Қазнеттегі ерекше жаңалықтар мен түрлі күлдіргі видеолардың қаһармандарына жиі айналып жатқан Шымкент-керемет қала. Оңтүстік өңірдің тұрғындары батылдығымен, керативті және әзіл-қалжыңдарды көтере білетінімен ерекшеленеді.

[url=https://www.zharar.com/engine/go.php?url=aHR0cDovL2dvby5nbC9US3oxU0o%3D]nur.kz[/url] ztb.kz-ке сілтеме жасап олармен байланысты ең ерекше жаңалықтарды және Шымкент тұрғындары өзге қазақстандықтардан несімен ерекшеленетінін назарларыңызға ұсынады.

Әр нәрсені білуге деген құштарлық
Шымкент тұрғындары өзге қазақстандықтардан несімен ерекшеленеді?

Николай Поповтың шоколад көрмесі бүгінде әлемнің 40 елінде қойылған, алайда ең есте қаларлығы дәл Шымкентте өткен көрмеде болды. Мұражай қызметкерлері жәдігерге тиісуге болмайтынын ескерткеніне қарамастан, кей қонақтар олардың дәмін татып көріп, тіпті кейбірі шоколадтан жасалған ыдыстарды түгелдей жеп қойса, енді бірі шетін кеміріп кеткен.

Ең дәмдісі ақ шоколадтан жасалған рояль, бокалдар және рөмкелер болса керек – ол тіпті жоғалып кеткен.

Батылдық

Қала тұрғындары тек құштарлығымен ғана емес батылдығымен де ерекшеленеді. Мәселен су толы ыдысты ұстап алып көшеге кезген әйел жолдың қақ ортасында тұрып, еш алаңсыз жуынды. Оның неге мұны дәл көшенін ортасында жасағанын ешкімде түсіндіріп бере алмады.

Креативтілік және салмақтылық
[media=https://www.youtube.com/watch?v=xPLiSjP6DP8]

Шымкенттің тағы бір тұрғыны бір жерден екінші жерге үнемі жолаушылар автобусының қозғалтқыш орналасқан артқы бөлігі арқылы жететін секілді. Жігітті 58-бағыттағы автобустың артында келе жатқанын автокөлік иесі түсіріп алған. Расында, мұнда тұрған не бар?

Патриоттық
[media=https://www.youtube.com/watch?v=VdNK72f7suU]

Шымкент тұрғындары туған қалаларын жақсы көреді, оны әрдайым қорғап, қолдап жүреді. Шымкенттік патриот жүргізушісі туралы видео мұның айқын дәлелі.

Мейірбандық

Шымкентте жақында болған ең жарқын оқиғалардың бірі – жас жұбайлардың өміріндегі ең маңызды күнді ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалармен бөлісуі.

Олар өзгелер секілді қымбат көлік жалдап, той кортежімен көшені аралаудан гөрі балалар үйіне барып, тәрбиеленушілерге дастархан жайған.

дереккөзі: [url=https://www.zharar.com/engine/go.php?url=aHR0cDovL2dvby5nbC9US3oxU0o%3D]nur.kz[/url] ztb.kz
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
тұрғындары, Шымкент, ерекше, ерекшеленеді, батылдығымен, ортасында, несімен, жаңалықтарды, олармен, Тұрғындары, ерекшеленетінін, қазақстандықтардан, назарларыңызға, тіпті, секілді, Шымкентте, шоколадтан, жасалған, ұсынады, кеткен, шымкент туралы, шымкент жаңалықтары, шымкент қаласының жаңалықтары, новости про шымкент

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]