Қазақстан алғаш рет әлемдік экспортшылардың ТОП-50 қатарына кірді

Қазақстан алғаш рет әлемдік экспортшылардың ТОП-50 қатарына кірді

Қазақстан алғаш рет әлемдік экспортшылардың ТОП-50 қатарына кіріп, 43-орынды иеленді. Бұл туралы елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы» атты жалпыұлттық телекөпірді қорытындылаған елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Ең алдымен жаңа индустриалды жобаларды құрушылардың барлығын олардың еңбек жеңістерімен тағы бір мәрте құттықтап, оларға табыс, зор денсаулық тілегім келеді. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы бүгінде тарихқа айналды. Бірақ, екінші 5 жылдық жоспардың алғашқы жылдарының нәтижесі бұл бағыттағы елімізде барынша ауқымды жұмыстар жүргізілгендігі жайында айтуға мүмкіндік береді», – деді мемлекет басшысы.

Президент осы жылдар ішінде елімізде зор жұмыстар атқарылып, еліміздің экономикасы айтарлықтай ілгерілегенін айтты.

«Ағымдағы жылы Қазақстан алғаш рет әлемдік экспортшылардың ТОП-50 қатарына кіріп, 43-орынды иеленді. 2014 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық экспорт көлемі Орталық Азиядағы барлық өңірдің жиынтық экспортынан 30 пайызға артық болды. Негізінен олар – орта кәсіпорындар», – деді мемлекет басшысы.

Елбасының атап өтуінше, Қазақстан экспортының төрттен бірін дайын және өңделген өнім құрайды.

«Бұл – ендігі уақытта Дүниежүзілік сауда ұйымының толыққанды мүшесі ретінде Қазақстанның табысты ілгерілеуі үшін маңызды көрсеткіш», – деді Назарбаев.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Қазақстан, орынды, иеленді, Назарбаев, кіріп, айтты, қатарына, әлемдік, алғаш, экспортшылардың, Нұрсұлтан, қорытындылаған, жұмыстар, басшысы, елімізде, мемлекет, телекөпірді, елбасы, сарайында, Тәуелсіздік

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]