Петропавлда нан бағасы 90 теңгеге жақындап қалды
Еліміз бойынша ең қымбат нан бағасы Петропавлда. Қазірдің өзінде халық ең көп қолданатын "Ерекше Петропавлдық" деп аталатын бір бөлкенің құны 86 теңгеге дейін жеткен.
Шарықтаған ас атасының бағасына, әсіресе, зейнеткерлер наразы деп хабарлайды 31 арна.
Петропавлдық зейнеткерлер соңғы уақытта бағаның бірнеше рет өскеніне қапалы. Өйткені, жиі өскен нан бағасы қалтамызды қағып жатыр дейді. Астықты аймақта нан бағасының қымбаттауы ақылға сыймайтынын айтады.
Ал өңірдегі ең ірі өндіруші - "Петропавл нан-тоқаш комбинаты" "Ерекше Петропавлдық" нанының қымбаттауын арнайы технологиялар бойынша әзірленуімен байланыстырады. Тағы бір себеп, нанды әзірлеуге жоғары сұрыпты ұн қосамыз дейді. Жыл басында аталмыш нан 65 теңге болса, жылдың ортасына қарай 80 теңгеге өскен. Әкімдіктегілер құбылған нан бағасын бақылауға қауқарсыз.
"Ерекше Петропавлдық" деп аталатын бұл нан 4 теңгеге көтерілді. Бірқатар бағаны өсірдік. Бұл бидайдың қымбаттауына да байланысты. Оған қоса басқа да желілердің бағасы өсіп нанның бағасын қымбаттатуға тура келді", - дейді Петропавл нан-тоқаш комбинатының директоры Ерлан Қайшыбеков.

ФОТО: ALTAYNEWS.KZ, дереккөз
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» 2017 жылы доллар бағамы 280 теңгеге дейін түсуі мүмкін
» Жаңа жылдағы жаңа тарифтер: 2016 жылы ненің бағасы қымбаттайды?
» Елімізде қияр мен қызанақ арзандады
» Доллар бағамы 380 теңгеге жақындап қалды
» Доллардың тұрақсыздығынан қара базардағы көлік бағасы екі есеге түскен (видео)

KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: