Ватикан қорларынан қазақ тарихы туралы деректер табылды
Италияның әйгілі Ватикан кітапханасынан түркілер мен қазақтар тарихына қатысты жаңа батыс деректері табылды. Рим Папасы бірінші Ұлы Левтің Аттиламен кездесуін сипаттайтын қолжазбада Орта Азиядан шыққан Авар қағанаты туралы мәліметтер кездеседі. Бұл қазақ елінің сонау түркі дәуірінен Еділ патша бастаған ұлан-ғайыр мәдениеттің заңды мұрагері екендігін айғақтайды. Отандық ғалымдар «Қазақ хандығынан – «Мәңгілік елге» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда осындай деректер келтірді. Ұлттық тарихымыздың ақтандақ беттері ашылғалы ежелгі өркениеттегі қазақтардың мемлекетік шекарасы, мәдениеті, дамыған қалалары, дипломатиялық қарым –қатынасы болғандығы баршаға аян. Келелі жиында сол дәуірден бүгінгі егеменді елге жету жолынадағы ғасырлар сабақтастығы жайында біршама танымдық ғылыми баяндама оқылды.
Сайлау Батыршаұлы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры:
– Осыдан 500 жыл бұрын тура қазіргі шекарамыз қазақ жерінде Шу өңірі Жамбыл облысында пайда болды. Оған арғы туыс, ұлыстар қосылып қазақ мемлекеті құрылды. Ол мемлекетті бір жағынан Иран, келесі жағынан қытай, мына жағынан Моғолстан сынды барлық мемлекеттер мойындап дипломатиялық қарым қатынас орнады. Мен осы туралы көп зерттедім.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: