Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын Мысырға сапарға шықпауға үндеді
Мысырдағы жағдай күннен-күнге ушығып барады. Осы орайда еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын аталмыш елге сапарға шығуға асықпауға үндеді.
![](http://img.nur.kz/n/08/c/gaza15082013.jpg)
Мекеменің ресми өкілі Жанболат Үсеновтың айтуынша, кеше Каирде болған қақтығыстан зардап шеккен отандастарымыздың бар-жоғы туралы мәлімет әзірге түспеген.
Естеріңізге салайық, осыдан бірер күн бұрын Мұхаммед Мүрси жақтастары мен Мысыр әскери күштері арасында болған қақтығыста 287 адам қаза тапқан. 2 мыңнан астам адам түрлі жарақат алған. Қаза тапқандардың 43-і полиция қызметкерлері екендігі анықталды.
Ақпараттық агенттіктердің мәлімдеуінше, оқиға барысында әскерилер Мүрсидің қолдаушылары орналасқан 2 шатырды бұзып, көтеріліске қатысушыларды таратуға кіріскен.
Ал, оппозицияның айтуынша, тәртіп сақшылары ереуілшілерді жаппай қырып жойған. Енді елдің 11 провинциясында коменданттық тәртіп енгізілді.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Ұқсас мақалалар:
» Путин Ердоғаннан кешірім сұрады
» Алматы полициясы атыстан қаза тапқандардың аты-жөндері мен суреттерін жария етті
» Бір аптаның ішінде Қазақстанда жол апаттарында 108 адам қаза тапқан
» Астанада «Әбу-Даби Плаза» кешені өртенді (фото, видео)
» Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде келтірілген шығын 30 млн теңгеге бағаланды

KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: