«Еңбек күні» мерекесі белгіленді

«Еңбек күні» мерекесі белгіленді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы № 698 Жарлығымен Қазақстанда «Еңбек күні» мерекесі белгіленді, ол қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі.

Осы жылы Еңбек күні бірінші рет мерекеленгелі отыр, оның негізгі мақсаттары – Мемлекет Басшысының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идеяларының шеңберінде өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылады.

Бұл күнге арналған мерекелік шаралар Қазақстанның барлық облыстарында, Астана, Алматы қалаларында өткізіледі.

26 сентября 2014 жылдың 26 қыркүйегінде Астана қаласында Еңбек күнін мерекелеуге арналған «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай» форумы ашылады.

Шараларды ұйымдастырушылар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы болып табылады.

Форум барысында экономиканың әртүрлі салаларында еңбек өнімділігін арттыруға, өнім сапасын жақсартуға салмақты үлес қосқан кәсіпқойларға құрмет көрсету болып өтпек.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
еңбек күні қашан болады, еңбек күні, Еңбек, ортақ, болып, шеңберінде, өнімді, идеяларының, туралы, еңбекті, Басшысының, Жалпыға, Денсаулық, арналған, Қазақстан, Астана, табылады, әлеуметтік, Мемлекет, сақтау, жұмысшы, ынталандыру

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]