Оқытудың кембридж тәсілі

Оқытудың кембридж тәсілі

Мемлекетіміздің басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына әр жыл сайынғы Жолдауларында педагогтар құрамының сапасын арттыруға ерекше маңыз беріліп келеді.
Соңғы кездері ақпарат құралдарында мектепте оқыту сапасын көтеру үшін тұлғалық-бағдарлы білім беру, саралап және даралап оқыту, инновация, жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту, топтап оқыту т.б. әдіс-тәсілдерді пайдалану керек деген ой-пікірлер айтылып та, жазылып та жүр.
ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарының деңгейлі теориялық оқытуға негізделген бағдарламасы Англияның Кембридж университетінде дайындалған. Мұндағы сындарлы оқытудың мақсаты ретінде, бірінші кезекке оқушылардың пәнді терең түсінуін дамыту мәселесін қойған. Бағдарламадан күтілетін нәтиже оқушыларды қалай оқу керектігіне үйрету. Соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарасы жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық таныта білетін оқушы ретінде қалыптастыру.
Бағдарламаның алға қойған мақсаты-мұғалімді жаңашыл педагогикалық біліммен қаруландыру. Педагогикалық шеберлік орталығының Шымкент қаласындағы филиалында еліміздің педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы аясында біздің Абай атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімдері Т.Өтеміс, Г.Досымова үшінші, Д.Қыдырбеков, А.Мырхиева бірінші деңгейлі үш айлық оқуға барып, мұғалімдерді оқыту курстарын аяқтап, сертификатын алып келді. Оқу арасында мектепте практика жүзінде балалармен және педагогтармен Кембридж тәсілімен қызықты сабақтар өтіп, онда қатысушыларды топқа бөліп, жеке-жеке тапсырмалар бере отырып, уақытты тиімді пайдалана білді. Қатысушылардың білімін бағалуда «Екі жұлдыз, бір тілек», «Сэндвич» (бутерброд) әдістері қолданылып, әр сабақты рефлексия арқылы әртүрлі бейнелер (смайликтер) салынған парақшаларға ұсыныс тілектерін жаздырып қорытындыланды. Әрине, бұл бастаманың ұстаздықты жүрек қалауымен таңдаған әріптестеріме ой салары сөзсіз. Ендеше білімді де білікті ұстаздардың қатары алдағы уақытта толыға түседі деп сенім артамыз.

А.ТҮКЕШБАЕВА,
Абай атындағы жалпы орта мектебінің педагог-психологы.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
оқыту, педагог, сапасын, деңгейлі, Кембридж, бағдарламасы, мектепте, мақсаты, біліктілігін, кадрларының, айтылып, деген, Мемлекетіміздің, пікірлер, жазылып, арттыру, курстарының, теориялық, Англияның, қойған

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]