«Қазақ болу да оңай емес, иә?» – Жанболат пен Жазира екі оттың арасында қалды

«Қазақ болу да оңай емес, иә?» – Жанболат пен Жазира екі оттың арасында қалды

Бір жыл бұрын Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова екінші рет ата-ана атанды. 22 жылдан кейін қайтадан әсәби сүйіп, нәрестенің исін иіскеп, қуаныштарында шек болмады.

Дара есімді қыз жұлдызды жұптың өмірін өзгертті. Бұрындары олар үй көрмей гостролдік сапарларда жүрсе, қазір тәтті қыздарының қылығына тоймай, оның жанынан шықпауда. Жазира қызы өмірге келгелі бері нағыз ана бақытын сезінгендей.

«Қазақ болу да оңай емес, иә?» – Жанболат пен Жазира екі оттың арасында қалды


Жақында Дара қыз бір жасқа толады, ал оның ата-анасы екі оттың ортасында қалғандай күй кешті.

Бұрынғы уақыт болса дүркіретіп той жасар еді. Бірақ қазір коронавирустың таралуына байланысты әлі де шектеулер алынған жоқ. Әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында Желі қолданушыларынан кеңес сұрады.

«Қызымның тұсаукесер тойын жасауға халықтан ұялып, жасамауға туыстарымыздан ұялып отырмыз. Аз адамға жасасақ көп таныстарымызды шақырмай ренжітіп аламыз ба деп тағы ойланасың. Қазақ болу да оңай емес,ия?!».




Жанкүйерлерінің көбісі қуанышты үйде, жақындар мен туыстардың ортасында өткізуге кеңес берді.

«Тума-туыс, дос-жарандарыңыздың амандығын, денсаулығын ойлаңыз! Балаңыздың қадамы құтты болсын, қарындасым. Амандық болса талай той болар», «Ұят деген бұл жерде жүрмейді. Заң бәріне бірдей», «Ой тағы басталған ба? Осы карантинді ашпау керек пе еді?. Анау пәле тағы кетеді ғой елді аралап, өзі әзер тынышталды ма дегенде», — деп жазды алаңдаған қолданушылар.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Жазира, бұрын, нәрестенің, болса, ұялып, қазір, Жанболат, ортасында, болмады, қуаныштарында, иіскеп, кеңес, сүйіп, жылдан, Ербатыров, Байырбекова, әсәби, атанды, екінші, қайтадан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]