Ақшаны қандай валютада сақтаған дұрыс?
Ақшаны қандай валютада сақтаған дұрыс?
Бұл сұраққа жауап беру үшін, жалпы қаржылық сауатты болған абзал. Әлемде болып жатқан жаңалықтарға мұқият болып, анализ жасай отырып, келесі қадамдарға барған дұрыс. Біріншіден егер де жинаған ақшаңыз аз болса, онда оны шет ел ақшасына аударудың қажеті шамалы. Себебі бәрібір ол ақшаны алып жұмсауға тура келеді, мысалы азық-түлік, киім, коммуналды төлемдер, т.б.
Ал егер де сіз депозитте ақша жинап отырсаңыз, мысалы 5000000 теңге. Онда оның үштен бір бөлігін долларға, үштен бір бөлігін евроға және үштен бір бөлігін теңгеде ұстаған тиімді.
Әлемде жаңалықтар өте тез өзгеретінін ескере отырып, мұнай бағасы тұрақтанатын болса теңге өз деңгейіне түседі, де доллар мен евроға салынған бөлігі арзандайды. Бірақ сіз теңгеге салған бөлігіңіз арқылы аз да болса инфляцияны өтей аласыз. Әрине қанша пайызда қандай валютада сақтау әркімнің өз еркіндегі екенін ескере жүріңіз.
Жинап жүрген біраз қаржыңыз болса, оны жылжымайтын мүлік сатып алу, алтын сатып (слиток) алу, автокөлік сатып алу арқылы да девальвациядан аз да болса сақтануға болады. Акция немесе басқа да бағалы қағазға ақша салу қазіргі кезде өте тәуекелді талап етеді, сондықтан бұл әдіс қарапайым жандар үшін тиімсіз. Бұл кеңестерге құлақ салу немесе салмай өзіңіздің құқыңызда.
Біздікі тек кеңес беру.
Источник: bilimdiler.kz
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Күзде доллар бағамы 370 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
» 2017 жылы доллар бағамы 280 теңгеге дейін түсуі мүмкін
» Қазақстандық зейнеткер бір күнде миллионер атанып шыға келді
» Сарапшы: Қазақстанда доллар бағамы 320 теңгеге дейін түседі
» Девальвация Ақтау дүкендеріне әсер ете бастады
» Күзде доллар бағамы 370 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
» 2017 жылы доллар бағамы 280 теңгеге дейін түсуі мүмкін
» Қазақстандық зейнеткер бір күнде миллионер атанып шыға келді
» Сарапшы: Қазақстанда доллар бағамы 320 теңгеге дейін түседі
» Девальвация Ақтау дүкендеріне әсер ете бастады
KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: