1 қыркүйекте мектептегі оқу жылы қандай форматқа көшеді — министр пікір білдірді

ҚР Білім және ғылам министрі Асхат Аймағамбетов 1 қыркүйектен оқу жылы қандай форматта басталуы мүмкін екенін айтты.
«Қашықтан оқыту уақыт талабы екенін түсінеміз. Бұл тақырып үйде білім алатын балаларға, сондай-ақ қыста ауылдық елді мекендерде жол ашылмағанда оқудан қалған балаларға қатысты. Осы орайда түрлі жағдай болып жатады. Сәйкесінше, бұл жағдайларда заманауи технологияларды көмегі тиіп, білім беру процесіне қолдау жасалады. Алайда бұл 1 қыркүйектен қашықтан оқуға көшіруді білдірмейді»
— деді А. Аймағамбетов онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, педагогтар, министрлік, ата-аналар мен оқушылардың өздері дәстүрлі форматта оқыту тиімді әрі ыңғайлы екенін түсініп отыр.
«Білім беру процесі — ол тек ақпарат беру ғана емес. Бұл тұрғыда әлеуметтендіру, балалар арасында өзара іс-қимыл мен қарым-қатынас, тәрбиелік процесс секілді маңызды мәселе бар», — деді министр.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Ұқсас мақалалар:
» 11 мамырдан кейін оқушылар қалай оқиды — министр жауабы
» Видео сабақ дайындаған мұғалімдерге сыйақы беріледі
» Қыркүйекте балалар онлайн оқи ма, әлде мектепке бара ма: Министр жауап берді
» Жұмағұлов білім саласындағы бірнеше көкейтесті мәселені атады
» Биылғы оқу жылы қалай басталады?
» 11 мамырдан кейін оқушылар қалай оқиды — министр жауабы
» Видео сабақ дайындаған мұғалімдерге сыйақы беріледі
» Қыркүйекте балалар онлайн оқи ма, әлде мектепке бара ма: Министр жауап берді
» Жұмағұлов білім саласындағы бірнеше көкейтесті мәселені атады
» Биылғы оқу жылы қалай басталады?
KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: