Қазақстандық полицейлер 2017 жылдан бастап арнайы таяқша қолданбайтын болды
2017 жылдан бастап жол полициясы көлік тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбайды. Бұл туралы ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz.
Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты халықаралық тәжірибемен танысып, зерттеді. Қазіргі уақытта, бірқатар еуропалық елде жол полициясы көлікті тоқтатарда арнайы таяқша (жезл) қолданбайды.
Халықаралық стандарттарға сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның ішкі істер органдарының қызметкерлері де көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбайтын болады, деп хабарлады ҚР ІІМ.
«Енді жол полицейлері көлікті тоқтату үшін қолын көтеріп, «тоқта» деген белгі береді және сонымен бірге ысқырықты да пайдаланады немесе арнайы дыбыс күшейткіш және жарық беретін құралдарды да қолдана алады, сондай-ақ автопатрульмен де тоқтатады. Жол ережесін бұзғандарды анықтау үшін бейнекамералар, сонымен бірге ішкі істер органдарының бейне тіркеуіштері қолданылады», - деді ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.

ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ ФОТО: OO-OSA.ORG
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшері (кесте)
» Алматы полициясы атыстан қаза тапқандардың аты-жөндері мен суреттерін жария етті
» Радармен тығылып тұратын полицейлер жұмыстан қуылады
» Отандық полицейлердің жаңа формасын жұрт "темір адамның" киіміне ұқсатты (фото)
» Алматылық жүргізуші полицейге шабуыл жасап, таныстарымен қорқытқан

KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: