Ипотека. 5-10-20 жобасының шарттары белгілі болды

Ипотека. 5-10-20 жобасының шарттары белгілі болды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағытын әзірлеуді бастап кетті, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Ипотека. 5-10-20 жобасының шарттары белгілі болды


Жаңа пилоттық жоба 5-10-20 шарты бойынша тұрғын үй сатып алу үшін азаматтарды несиелендіруді қарастырады:

- несие мөлшерлемесі 5%;
- бастапқы жарна 10%-дан бастап;
- несиелендіру мерзімі – 20 жылға дейін.

«5-10-20» жобасына тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар қатыса алады.


Баспананы «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да сатып алуға болады. Қазір жобаның шарттары талқыланып жатыр және келесі параметрлер ұсынылуда:

Ең жоғары заем сомасы жеке құрылыс салушылар ұсынған жаңа үйлер бойынша Қазақстанның әр аймағына байланысты:

- Нұр-Сұлтан, Алматы және осы қалалардың маңындағы аймақтар үшін 18 млн аспайды;
- Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы үшін 15 млн теңгеден аспайды;
- басқа аймақтар үшін 12 млн теңгеден аспайды.


Әкімдіктер салған несие тұрғын үй бойынша 1 шаршы метр бойынша келесі баға параметрлері белгіленген:

240 мың теңгеге дейін – Алматы қаласында;
220 мың теңгеге дейін – Нұр-Сұлтанда және осы қала маңындағы аймақта;
200 мың теңгеге дейін – Шымкент қаласында және Алматы маңындағы аймақта;
180 мың теңгеге дейін – Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан және Қарағанды облыстарында;
160 мың теңгеге дейін – басқа аймақтарда.

«5-10-20» пилоттың жобасы халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған қосымша шара ретінде әзірленіп жатыр.

– ҚР президенті Қ.Тоқаев атап өткендей, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі базасында жыл соңына дейін даму және қолдаудың «Отбасы банкі» атты толыққанды институты құрылады. Ол есепке алу, тіркеу және тұрғын үйді бөлістіруді бір орталықтан атқаратын болады. Қойылып отырған міндетті орындау үшін қазіргі кезек жүйесін әкімдіктерден «Отбасы банкке» беру жоспарланып отыр. Өз кезегінде «Отбасы банкі» баспанасы жоқ жанұялар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет ұсынатын болады, – деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

– Тұрғын үй қолжетімділігі сатысы белсенді түрде ендіріледі. Бір мүше үшін бір КМ-нан (күнкөріс минимумы) төмен табыс табатын отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз үйді жалға алу мүмкіндігі ұсынылады. 2 КМ-на дейін табысқа ие баспанасыз отбасылар (көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған отбасылар) «Бақытты Отбасы» бағдарламасына, ал 3,1 КМ-на дейін табысқа ие баспанасыз отбасылар «5-10-20» пилот жобасына қатыса алады.

2020 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша, жергілікті атқарушы органдарда 540 мыңнан астам адам кезекте тұр.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]