"Бақыт құшағында": Әуелбекова сүйіктісімен түскен ерекше фотосымен бөлісті

"Бақыт құшағында": Әуелбекова сүйіктісімен түскен ерекше фотосымен бөлісті

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Мөлдір Әуелбекова сүйіктісімен түскен кезекті фотосын жариялап, желіде қызу талқыға қалды. Ғашығымен құшақтасып тұрған әнші жанкүйерлерін тағы бір мәрте қызықтырып қойды. Желідегілер өнер иесі жақында екінші рет тұрмысқа шығатынын болжауда деп жазады NUR.KZ .

Мөлдір Әуелбекова жеке өмірін енді жасырын ұстағысы келмейтін көрінеді. Эстрада жұлдызының Instagram парақшасында белгісіз азаматпен түскен суреттері жиі шыға бастады.

Бұған дейін ер адамның қолынан ұстап отырған фотосымен бөліскен әнші бұл жолы онымен құшақтасып тұрған сәтін жариялаған. Өнер иесі желіде тек қана махаббатқа қатысты жазбалар қалдыратын болған.

" Сәрсенбінің сәтті күні, жаңа қуанышты өміріміз басталды. Әлхәмдулиллях, бақыт құшағында", - деп жазды Әуелбекова.

Оның жүктеген суретіне қарап, қос ғашықтың табиғат аясында демалып қайтқанын аңғаруға болады.

Желідегілер бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен әншінің қайтадан махаббатын кезіктіргеніне аса қатты қуанып, оның шынайы бақытқа әбден лайық екенін жарыса жазған. Көпшілік Мөлдір Әуелбеуоваға бақыт тілеп, өз жылы лебізін жаудырған.

"Бақытты болыңызшы" , "Сіз нағыз махаббатқа, нағыз бақытқа лайық жансыз" , "Тұрмысқа шығатын сияқтысыз ғой карантин біткен соң" , "Жолдасыңызбен қайта қосылғаныңыз дұрыс болды" , "Өте бақытты сияқтысыз" , "Ғашықтар мәңғі бірге болыңдар" , - деп жазуда желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекованың бұрынғы күйеуімен қайта қосылғаны жайлы қауесет тарап кеткен болатын. Әнші белгісіз бір азамат өзіне бір мүмкіндік беруін сұрап жүргенін көпке жария еткен.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шоу бизнес туралы қазақстан жаңалықтары "Бақыт құшағында": Әуелбекова сүйіктісімен түскен ерекше фотосымен бөлісті Казахстанские новости о шоу бизнесе, новости "Бакыт кушагында": Ауелбекова суйиктисимен тускен ерекше фотосымен болисти на казахском языке ережелер скачать бесплатно, жаңалықтар түрі на казахском языке, шоу бизнес туралы пікірлер шындық, шоу бизнес туралы пикирлер шындык, "Бақыт құшағында": Әуелбекова сүйіктісімен түскен ерекше фотосымен бөлісті

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]