"Бір аптада 45 келі балық жеп қойдық": 13 баласы бар отбасының карантиндегі өмірі

"Бір аптада 45 келі балық жеп қойдық": 13 баласы бар отбасының карантиндегі өмірі

Карантин режимі көпбалалы отбасыға қалай әсер еткені, оннан астам мектеп оқушысы бар үлкен жанұяда онлайн-сабақ қалай өтіп жатқаны туралы отағасы Мұрат Қабылбаев айтып берді

Ақмола облысы Кенесары ауылындағы он үш баласы бар Қабылбаевтар отбасының карантинде қалай өмір сүріп жатқанын Sputnik Қазақстан тілшісі сұрап білді.

Қабылбаевтар отбасы туралы осыдан он жылдай бұрын бүкіл ел білді. Сол кездегі ерлі-зайыптының бала сүю туралы арманы бүгінгідей үлкен отбасының қалыптасуына түрткі болған.

Әуелі маңдайында "7" саны бар бұзау, содан кейін "Алла" деген арабша жазуы бар қозының туылуы Құдайдың бір құдіреті секілді көрінген соң ауыл имамы Мұрат Қабылбаев пен оның әйелі Орынбасар балалар үйінен бір емес, жеті бірдей баланы асырап алады.

Бүгінде Кенесары ауылының шетіндегі олардың екі қабатты үйінде 9 бен 20 жас аралығындағы 13 бала бірге тұрады. Осылайша, құдіреттің өзі жетімдердің тағдырын жеке бақылауына алғандай.

"Бір аптада 45 келі балық жеп қойдық": 13 баласы бар отбасының карантиндегі өмірі


Қазіргі кезде бұл балалар танымастай өзгерген. Барлығы да көз сүйсіндірерліктей өсіп келеді. Биыл олардың арасында төртеуінің жасы 17-ге толып, колледжге түсуге дайындалып жатыр.

Карантиндегі сабақ

Балалардың ең үлкені – Әдел, қазір 20 жаста. 12 жасында Қабылбаевтардың қызы болды. Педагогикалық колледждің екінші курсында оқитын ол болашақта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі атанады. Сәуір айынан бері үйдегі іні-сіңлілерімен бірге Әдел де қашықтан оқып жатыр.



Мұрат Қабылбаев онлайн-сабақтар бастапқыда аздап қорқытқанын айтады. Бірақ уақыт өте келе қорқатындай дәнеңе жоқ екенін түсінеді. Балалардың үлкендері түскі асқа дейінгі аралықта, ал төменгі сыныптағылар түстен кейін сабақ оқиды.

"Біз оларды бір-біріне кедергі келтірмес үшін бөлмелерге қалай бөлетінімізді уайымдадық", – дейді көп балалы әке.



"Бекер уайымдаппыз. Бір үстелде үш-төртеуі қатар отырып, құлаққаппен сабақ оқығандықтан, бір-бірін алаңдатпайды. Сабақ таңғы сегізден басталып, кешкі алтыға дейін жалғасады. Осы аралықта үйде тыныштық орнайды. Үзіліс кезінде тамақтанып, аздап бой сергітіп те үлгереді. Балалардың ешқайсысы жалқау емес, ешбірі шағым да айтқан жоқ. Керісінше, тәртіпті, жауапты бола түсті", – дейді Қабылбаев.

Үйдегі жұмыс азайған жоқ

Жер үйде тұрғандықтан, жұмыс дегеннің шеті мен шегі жоқ. Карантин кезінде үйдегі балалар көмектескенімен, жұмыс одан сайын көбейе түскендей.



"Көп нәрсеге үлгермей жатамыз. Қазір аула мен бақшаны тазартып, картоп пен көкөністер отырғызамыз, мал бағамыз. Бос уақыт болса, балалар қақпа ішіндегі аулада ойнайды. Ойындарын байқап қарасам, тура біздің бала кезіміздегі ойындар", – дейді отағасы.

"Жақында бізде ет таусылды", – деп күлімсірейді Мұрат. - Бір аптада 45 келі балық жеп қойдық. Мал сойып алуды қалағанымызбен, бірде қасапшының қолы бос болмай қалды, енді бірде қоңырау соғып, сөйлесе алмадық. Ұлым Коля өзіміз сойып алайық деді. Ал мен бұған дейін ірі қара сойып көрмеппін. Содан бір күні қызым Маша енді балық жей алмайтынын айтты. Содан бел бууға тура келді, екі күн дайындалдым. Балаларым көмектесті".

Әдел мен Настя сойылған малдың ішек-қарнын тазалап, Оксана мен анасы бауырсақ, күлше мен қуырдақ пісірген.



"Ал дастархан басында отырғанда сөзі мірдің оғындай Төлеген: "Ауылда тұрудың тамаша екенін коронавирус көрсетті" деп бәріміздің ойымызды дөп басты", - дейді Қабылбаев.

Осылайша, еңбекпен есейген балалар ертең Мұрат пен Орынбасарға үй шаруашылығына бейім етіп өсіргені үшін дән риза болатын шығар.



"Қалаға көшуді ойладық"

Көпбалалы ата-ана бір кездері қалаға көшуді ойлаған. Алайда, балалар қарсылық білдіріпті. Ал Төлеген диплом алғаннан кейін ауылға оралатынын кесіп айтқан.

"Биыл төртеуі, ал келесі жылы үшеуі оқуға түсуі тиіс. Маған да қалада жұмыс істеу ыңғайлы болар еді, – дейді отағасы. - Бірақ қалада тұратын көпбалалы отбасылардың жағдайы оңай емес. Бізді қолымыздағы шаруашылығымыз құтқарады. Өзіміздің ет, сүт, қаймақ, май, жұмыртқамыз көп қаржымызды үнемдейді. Есептеп көріңізші, бес литрлік күнбағыс майы үш күнге ғана жетсе, айына үш қап ұн, бір қап қант аламыз. Ал ауылда тұрсақ, жазда көкөністеріміз болады. Сондықтан көшу мәселесін тоқтаттық".

Ал енді үлкен отбасы үшін карантиннің пайдасы қандай болды? Төтенше жағдай кезінде сұлулық салоны мен шаштараз жұмыс істемейді. Сондықтан да бұл үйдегі шаш қию мәселесін қолының ебі бар Болат шешкен. Шаштараз болуды армандайтын ол аға-інілерінің шашын келістіріп қиып берген.

"Мен оған әр шаш алғаны үшін 100 теңге төлеуге уәде бердім. Ұлым сөзімді ұмытпай, көңіліне түйіп алған екен. Жақында маған есеп айырысу керектігін ескертті. Оның мұндай кәсіпкерлік қыры мені қатты қуантты", – деп күлімсіреді кейіпкеріміз.

Сондай-ақ, отбасы мүшелеріне бетпердені үйдің қыздары керегінше тігіп беріпті.



Бұл үйдегі тартысты әрі қызықты дәстүрдің бірі – отбасылық кеңестер екен. Бұл күндері пікір алмасулар әдеттегіден ұзаққа - екі сағатқа дейін созылады. Бір анығы, балалар өскен сайын қозғалатын тақырыптар да күрделеніп келеді.

"Мысалы, уақытты қалай тиімді пайдалануға болатындығы жөнінде. Біз ақшаны қалай көбейтуге немесе қалай желге шашуға болатыны туралы да көп пікір алмастық", – дейді Мұрат.

Солай десек те, балаларға айту қиын тақырыптар да жоқ емес... Мәселен, ата-ана бойындағы жаман әдеттер балаға берілмей ме деген сияқты сұрақтар.



"Осындай ұзақ әңгімелесуден кейін балалардың демалып, қуанып қалғанын анық байқауға болады. Олардың көздерінен тамаша көңіл-күй мен өздеріне деген сенімділікті сеземін. Мұндай пікір алмасулар отбасылық бірлікті нығайта түседі", – дейді отағасы.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
карантин туралы қазақстан жаңалықтары "Бір аптада 45 келі балық жеп қойдық": 13 баласы бар отбасының карантиндегі өмірі Казахстанские новости о карантине, новости "Бир аптада 45 кели балык жеп койдык": 13 баласы бар отбасынын карантиндеги омири на казахском языке ережелер скачать бесплатно, жаңалықтар түрі на казахском языке, карантин туралы пікірлер шындық, карантин туралы пикирлер шындык, "Бір аптада 45 келі балық жеп қойдық": 13 баласы бар отбасының карантиндегі өмірі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]