Депутат Дана Нұржігіт әріптестерінің жиналыстарда қалғып кетуіне не себеп екенін айтты
Сенат депутаты әрі танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт парламенттегі әріптестерінің маңызды отырыстарда не себепті қалғып кететінін түсіндірді деп жазады nur.kz "Желмая" бағдарламасына сілтеме жасап.
Бүгінде көптеген депутаттармен етене жұмыс істеп жүрген Дана Нұржігіт олардың үлкен жиналыстарда қалғып кетуінің себебін ашып айтты. Тележүргізушінің сөзінше, мәселе жиында сөйлеп тұрған баяндамашыға тікелей байланысты.
"Мен тілге, шешендік өнерге, тіл тазалығына, интоннацияға, мәнерге мән беріп қалған адаммын ғой. Құлағым ондайға сақ. Сондықтан кейде пленарлық отырыстарға келіп, баяндама жасайтын адамдардың даусы, оқу мәнері, тіл тазалығы расында да сеп-сергек отырған адамды қалғытып жібереді. Кейде не айтып, не қойғанын түсінбейсің. Сөйлемінің басы бір жақта, аяғы бір жақта. Бастауышы аяғында, етістігі басында жүретін сөйлемдер бар.
Содан кейде не айтқысы келіп еді деп, қиналып отырып бүкіл жаның, тәнің үлкен құлаққа айналып кететін кездер болады. "Құдай-ау не деп жатыр?" деп қаласың. Сол кезде бүкіл денең қиналған кезде және ол ұзақ уақытқа созылған кезде шаршап кететінің бар. Ол ұйықтайтын жер емес. Өте күрделі мәселелер көтеріледі. Бірақ, баяндап тұрған адамның мәнері мен ораторлық шеберлігіне байланысты. Сондықтан, менің өзімнің пайымым - ел алдына шығатын адамдардың ораторлық шеберлігі мықты болу керек" , - деді сенат депутаты.
Айта кетейік, күні кеше Тоқаев төтенше жағдай режимін ұзарту жөнінде жарлыққа қол қойды.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Танымал диктор: Орнымды «крышасы» мықты біреуге босатып беруге мәжбүр болдым
» Нұртас Адамбай депутаттыққа жанталасқан әртістердің не көздейтінін айтты
» Жалған лотерея “ойнатқан” Динара Сәтжан ел алдында масқара болды (видео)
» Кәмшат Жолдыбаева эфирде жүргізушінің бетінен шапалақпен тартып жіберді (видео)
» 20 мың теңгеге күн көруге бәстескен депутат бірнеше келіге арықтап кетті

KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: