"Адам кейпіндегі шайтан": Серікбол Сайлаубек өзін алдап кеткен досы туралы айтты.

"Адам кейпіндегі шайтан": Серікбол Сайлаубек өзін алдап кеткен досы туралы айтты.

Отандық танымал әнші Серікбол Сайлаубек қасында жүрген сенімді досы нағыз алаяқтың өзі болып шыққанын айтты. Өнер иесінің сөзінше, ол адам тек оны ғана емес, өзге жандарды да "лақтырып" кеткен. Сонымен қатар, әншң танысының кесірінен 18 жастағы бойжеткен асылып өлгенін де айтты деп жазады nur.kz "Талантым-тағдарым" бағдарламасына сілтеме жасап.


Серікбол Сайлаубек талай адамға қиянат жасап келген жігітті мүлдем адам санатына жатқызбайтынын жеткізді. Әнші ол сияқты жандарды шайтан деп есептейді.

Өнер иесі өзін алдап кеткен азаматтың кесірінен жас ару асылып қалғанын да жасырмай айтты.

Алаяқтың пасық әрекеттеріне қатты ашуланған жұлдыз оны қолына түсіргенде басын кесіп алуға дайын болғанын жайып салды.

"Ол басқа адамдарды да алдаған. Мен жалғыз емеспін. Ол - адам емес. Ол - адам кейпінде келген шайтан. Ондай адамды мен адам деп санамаймын.

Мені алдағаны былай тұрсын, бес-алты теңгемді алып кетіпті. Мейлі, кешірдім оны. Бірақ, бір айдың ішінде көп адамды алдау үлкен күнә.

Естуім бойынша, ол он сегіз жасар қызға үйленемін деп, әке-шешесінің алдына барып, соның әкесін ақшаға лақтырып кеткен. Оған қоса, естуім бойынша, ана қыз асылып қалыпты.

Бір қызды көлікпен қағып, қашып кетіпті. Бүкіл халықтың ішіне кіріп, осындай жағдай жасағанды адам деуге тұрмайды. Мен үшін олар адам емес, шайтан. Қыз балаға қиянат жасап, адам өлтіріп, аруларды алдап, оның әке-шешесінің көзінше абыройын төгетіндер адам емес.

Оны полиция ұстағаны дұрыс болды. Ол баланы ертерегінде мен ұстағанда жаман болатын еді. Қатты ашуландым сол адамға қатысты. Халық ішімдегіні білсін.

Оны полиция ұстап, қайта жаны тірі қалды. Бірақ, бәрібір ол баланы бақылап жүрміз әлі. Мен сол қатты ашуланып жүрген кезімде сол баланы ұстап алғанымда, халықтың көзінше оның басын кесіп алар едім. Денсаулығым жоқ болса да, ондай надан адамдардың басын жұлып алуға шамам келеді" , - деді әнші.

Серікбол Сайлаубектің сөзінше, ол адам әншінің үйінде жоқ болған сәтін пайдаланып, оның анасын алдаған.

"Мен тегін концерт беріп жүрмін. Ол бүкіл графигімді біліп алған. Арам бала ғой. Мен онымен енді танысып, жақын тартып жүргенмін. Мен кетіп қалдым. Ол менің байланыс аясынан тыс жерде екенімді біледі.

Сол кезде анама барып, "Серікбол жаман оқиғаға тап болды, оны шығару үшін дереу ақша табыңыздар" деп айтқан. Менің анамды алдап тұр ғой.

Ал менің анамды алдаған адам мен үшін шайтан. Мен ондайларды аямай өлтіретін едім. Қолыма түспеді ғой. Әйтпесе, мен ештеңеден қорықпаймын", - дейді эстрада өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін Серікбол Сайлаубек алғаш рет көпшілікке келіншегін көрсеткен болатын. Өнер иесі жанкүйерлеріне өз жанұясын таныстырды.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақстан жаңалықтары "Адам кейпіндегі шайтан": Серікбол Сайлаубек өзін алдап кеткен досы туралы айтты казахстанские новости, новости "Адам кейпиндеги шайтан": Серикбол Сайлаубек озин алдап кеткен досы туралы айтты на казахском языке ережелер скачать бесплатно, жаңалықтар түрі на казахском языке, "Адам кейпіндегі шайтан": Серікбол Сайлаубек өзін алдап кеткен досы туралы айтты

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]