Хиллари Клинтонға бәтеңке лақтырды (видео)
Оқиға АҚШ-тың бұрынғы мемхатшысы жергілікті қонақ үйде лекция оқып жатқан кезде орын алды. Залда отырған әйелдердің бірі Клинтонға бәтеңкесін лақтырды деп хабарлайды BNews.kz.
[media=https://www.youtube.com/watch?v=d1nIpV24EQU]
Саясаткер қашып үлгеріп, соңынан болған жайтты әзілге айналдырмақ болды. Қазір бәтеңке лақтырған әйел қамауда отыр.
"Бұл не болды өзі, біреу маған бірнәрсе лақтырды ма? Бұл дю Солей циркінің көрінісінен үзінді ме?", - деп әзілдемек болды Клинтон.
Осыдан кейін оқиға орнына полиция келіп жетті. Бәтеңкенің иесі Лас-Вегастың тұрғыны болып шықты. Қазір әйел қамауда, оны бұл әрекетке не итермелегені әзірге белгісіз, деп жазады RT. Осыдан бірер күн бұрын Клинтон 2016 жылғы президент сайлауына қатысуы мүмкін екенін жоққа шығармаған болатын.
"Мені ол туралы өтініп, сондай қадамға баруымды құптап отырған адамдарға ризашылығымды жеткіземін әрі мақтан тұтамын. Қазір мен ол жайында ойланып жүрмін", - деп мәлім етті ол.
Калифорнияда маркетинг жөніндегі конференция барысында атап өткендей, Клинтон АҚШ президентіне үміткер ретінде өз кандидатурасын ұсыну туралы нақты шешімге келмепті.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Астанада жол полицейі скутер жүргізушісін күштеп тоқтатпақ болды (видео)
» 4 жастағы бүлдіршін салған ән талайды таңдандырды (видео)
» Ернар Айдар хитқа айналған әнін түріктерден ұрлаған (видео)
» Қытайда қалыңдық ақша үшін қонақтарға омырауынан ұстауға рұқсат еткен (видео)
» Алматыда Maxima ойын-сауық сауда орталығы қоршауға алынды (видео)

KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: