Илья Илиннің әзірлігі әлеуметтік желілерде топ жарды (ВИДЕО)

Илья Илиннің әзірлігі әлеуметтік желілерде топ жарды (ВИДЕО)

Ауыр атлетикадан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Илин әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің жаттығу сәтінде түсірілген бірнеше бейнероликтерді оқырмандарының назарына ұсынды.



Көпшіліктің қызығушылығын тудырған көріністе Илья 220 келілік зілтемірді төбесіне көтерген күйде тізерлеп отырып-тұрады.
«Бүгін 10.03.14. 220 келі!» деп тақырып қойған роликті үш тәулік ішінде бірнеше мың көрермен тамашалап, жүздеген жылы лебіздер қалдырып үлгерген.
Ағымдағы жылдың қараша айында Алматыда өтетін Әлем чемпионатына қатысу мақсатында ол осы күндері Польшада дайындығын қызу жүргізу үстінде.
Айта кетейік, Илья Ильин әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланушылар қатарында. Ол Instagram, Твиттер мен YouTubе-тегі парақшаларында өзінің жазбаларын жиі жаңартып отырады.

Илья Ильин 1988 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласында туылған. Жазғы Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы Қазақстанның мақтанышына айналған Ильин Лондонда өткен жарыста 418 келі (185 келі жұлқи, +233 серпе көтеру арқылы) зілтемірді төбесіне көтеріп, әлемдік рекорды жаңартқан болатын.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Илья Илиннің әзірлігі әлеуметтік желілерде топ жарды (ВИДЕО), Илья Илин, әзір, әлеуметтік желі, топ, ВИДЕО

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]