Тәжіктер Қырғызстанға Наурызды бірге тойлауды ұсынды
Соғды облысының әкімшілігі ресми түрде Қырғызстанның Баткен және Ош облысы әкімшілік өкілдерін Наурызды бірге тойлауға шақырды.
Бұл туралы ҚырТАГ хабарлады Тәжік телеграф агенттігіне сілтеме жасай отырып, деп жазады bnews kz.
"Қазіргі уақытта қырғыздар тарапының өкілдері Наурыз мейрамына қатысуға арналған ресми шақыртуға әлі жауап бермеді",- деп хабарлайды Худжанд қаласы әкімшілігіндегі агенттікке хабар беруші адам.
Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылы Худжандта Наурызды қырғыздармен бірге атап өткен болатын. Алайда, 11 қаңтарда қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс болған. Қырғызстан Тәжікстанмен шекараны біржақты жауып тастаған еді.
Мәселені шешу үшін екіжақты комиссия құрылып, жұмыс істеді. 5 наурызда тәжіктер билігі шекарадағы бақылау бекеттерін ашу жөніндегі келісімге қол жеткізілді деп мәлімдеді. Қырғыздар болса бұл мәлімдемені жоққа шығарып, шекара тек шетелдің транзиттік жүктеріне ғана ашық екендігін алға тарты.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақстан Қырғызстанға 100 млн доллар бермек
» 20 Наурыз – Халықаралық бақыт күні
» Тәжікстан "Патруль" сериалы үшін Қазақстанға наразылық нотасын жолдады
» Қазақстан 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге ресми түрде өтінім береді
» АҚШ штатының бірінде мұнай бағасы нөлден төмендеді

KZ | Жаңалықтар
Іздеп көріңіз: